04.07.2016, 18:48 3825

Д.Сатыбалды Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы білім нысандарыныӊ құрылысымен танысты

Таяуда ОҚО әкімініӊ бірінші орынбасары Д.Сатыбалдыныӊ бекітуімен облыс аумағында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандардыӊ сапасына, тапсыру мерзіміне және құрылысына мониторинг жүргізу жөнінде құрылған арнайы топ Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында салынып жатқан әлеуметтік нысандардыӊ құрылыс барысы мен сапасын тексерді

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Таяуда ОҚО әкімініӊ бірінші орынбасары Д.Сатыбалдыныӊ бекітуімен облыс аумағында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандардыӊ сапасына, тапсыру мерзіміне және құрылысына мониторинг жүргізу жөнінде құрылған арнайы топ Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында салынып жатқан әлеуметтік нысандардыӊ құрылыс барысы мен сапасын тексерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінге Қазығұрт ауданында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 4 білім беру нысанында құрылыс жұмыстары жүгізілуде.

Атап айтқанда, аудандағы Қақпақ ауылындағы 300 орындық мектептіӊ құрылысы 2015 жылдыӊ маусым айында басталып, ағымдағы жылдыӊ тамыз айында пайдалануға тапсырылуы жоспарланса, құрылысы 2016 жылдыӊ маусым айында басталған Махамбет елді мекеніндегі М.Өтемісұлы атындағы 300 орындық, Ынталы елді мекеніндегі 300 орындық және Қаржан елді мекеніндегі 300 орындық білім беру нысандарыныӊ құрылысы 2017 жылдыӊ маусым айында пайдалануға беру күтілуде.

Аталған білім беру нысандарыныӊ жалпы құны 2 562 млн. теӊгені құрайды. Білім ошақтары ел игілігіне берілгеннен кейін 1200 балаға білім алу мүмкіндігі ашылмақ.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 4 білім беру нысандарында құрылыс жұмыстары жүгізілуде.

Таратып айтсақ, Атамекен елді мекеніндегі А.Байтұрсынов атындағы 300 орындық, Дастан ауылындағы 300 орындық білім беру нысандарыныӊ құрылысы 2015 жылдыӊ маусым айында басталып, осы жылдыӊ тамыз айында пайдалануға тапсыру жоспарланса, құрылысы 2016 жылдыӊ маусым айында басталған Аққорған ауылындағы 600 орындық, Қанағат ауылындағы Төлеби атындағы 300 орындық мектеп құрылысы 2017 тамыз айында пайдалануға тапсыру күтілуде.

Бұл білім беру нысандарыныӊ жалпы құны 6 288 млн. теӊгені құрайды. Білім ошақтары пайдалануға тапсырылғаннан кейін 2100 балаға білім алу мүмкіндігі ашылады.

Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарын аралаудыӊ нәтижесі бойынша облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Д.Сатыбалды тапсырысшы, мердігер мекемелермен техникалық қадағалаушыға, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, сапалы және мерзімінде аяқтауды, қатаӊ бақылауда ұстауды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны