07.07.2015, 10:41 2873

Дабыл белгісініӊ арқасында, қарағандылық полицейлер бөтен адамныӊ автокөлігіне қол сұққан ұрыны құрықтады.

6 шілденіӊ түнгі мезгілінде Нүркен Ибдіров даӊғылыныӊ үй тұрғындары есік алдында қойылатын автокөліктердіӊ дабыл қаққан дауысынан оянған. Автокөлік иесі, жеке көлігін ашпақшы болып жатқан ұрыны байқап, дереу Жедел басқару орталығына хабар берген

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - 6 шілденіӊ түнгі мезгілінде Нүркен Ибдіров даӊғылыныӊ үй тұрғындары есік алдында қойылатын автокөліктердіӊ дабыл қаққан дауысынан оянған. Автокөлік иесі, жеке көлігін ашпақшы болып жатқан ұрыны байқап, дереу Жедел басқару орталығына хабар берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға орнына бөлімше командирі Нұрбек Сағынтаев бастаған полицейлер Мансұр Сайлаубай мен Қайрат Сибаковтыӊ экипажы бағыт алып, әрекет етеді. Оқиға орнына дереу жеткен полиция сақшылары автокөліктіӊ есігін бұзып ашып, автомагнитоланы ұрлап жатқан 32 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін қала тұрғынын қолға түсірді.

Қазіргі уақытта, ұсталған күдіктініӊ үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, бұған дейінгі осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны