16.01.2012, 15:48 3407

"Дакар-2012" сайысында жерлестеріміз үшінші орынды иеленді

"Самұрық-Қазына" қоры баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, басты топтастыру бойынша жүк көліктері арасындағы жарыста голландық Жерар де Рой жеңіп шықты. Екінші орынға алға озған жүйріктен 51 минут 19 секундқа қалған Ханс Стейси ие болды. Жарыстың қола жүлдегері - Ардавичустың экипажы раллидің барлық кезеңдерінде Ройға 1 сағат 47 минут 45 секудқа ұтылды.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - "Дакар-2012" сайысында жерлестеріміз үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Дакар-2012" автобәгесінде қазақстандық Артур Ардавичус бастаған "Астана" командасы қола жүлдеге қол жеткізді.

"Самұрық-Қазына" қоры баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, басты топтастыру бойынша жүк көліктері арасындағы жарыста голландық Жерар де Рой жеңіп шықты. Екінші орынға алға озған жүйріктен 51 минут 19 секундқа қалған Ханс Стейси ие болды. Жарыстың қола жүлдегері - Ардавичустың экипажы раллидің барлық кезеңдерінде Ройға 1 сағат 47 минут 45 секудқа ұтылды.

"Дакар-2012" 1 қаңтарда Буэнос-Айрестің оңтүстігінен 80 шақырымда жерде басталды. Жарыстың бағыты Аргентина мен Чилиді және жердегі ең құрғақ саналатын - Атакама шөлін басып өтті. Марафон 15 қаңтарда Перу астанасы - Лимада мәреге жетті. Сонымен, қазақстандық "Астана" тобы "Дакар" ралли-рейдта 14 кезеңнің қорытындысы бойынша 3 орын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны