18.02.2015, 16:54 3619

"Дала қыраны" бітімгершілік оқу-жаттығуында компьютерлік бағдарламалар пайдаланылатын болады

"Дала қыраны-2015" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуы екі кезеӊде: біріншісі- сәуір айында, екінші кезеӊ - 2015 жылдыӊ маусымында өтеді

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - "Дала қыраны-2015" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуы екі кезеӊде: біріншісі- сәуір айында, екінші кезеӊ - 2015 жылдыӊ маусымында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Дала қыраны" оқу-жаттығуыныӊ бірінші кезеӊі "Қазбат" бітімгершілік батальоныныӊ бейбітшілікті қолдау бойынша көпбейінді операцияларында сәйкес көпұлтты күштер құрамында бірлескен басшылықпен берілген міндеттерді атқара алу қабілеттіліктерін тексеруге бағытталған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Дала қыраны-2015" оқу-жатығуыныӊ екінші кезеӊі "Іле" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында өтеді. Онда бітімгершілік бөлімшелер штабтарыныӊ командалық-штабтық жаттығулар түріндегі даярлығы жоспарланған.

Командалық-штабтық компьютерлік-симуляциялық оқу-жаттығулары JCATs бағдарламасын пайдаланумен жүзеге асырылады. Аталмыш бағдарлама моторесурс пен оқ-дәрілердіӊ шығынысыз бөлімшелерді ұйымдастыру, басқару және қолдану жұмыстарын орындауға және де жоспарланған операцияларды компьютерде жүргізуге көмектеседі.

Қазақстан тарапы биыл "Қазбат" қазақстандық бітімгершілік батальоныныӊ барлық жеке құрамы мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері "Қазбриг" қазақстандық бітімгершілік бригадасыныӊ штабын жұмылдыруды жоспарлап отыр.

Естеріӊізге сала кетсек, "Дала қыраны" оқу-жаттығуы "Қазбриг" бітімгершілік бригадасыныӊ бейбітшілікті қолдау бойынша көпбейінді операцияларына сәйкес көпұлтты күштер құрамында бірлескен басшылықпен берілген міндеттерді атқара алу қабілеттіліктерін тексеруге бағытталған. Аталмыш оқу-жаттығу 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын оқуға 1500-ден астам адам, шетелдік әскери өкілдер, НАТО түрлі штабтарыныӊ сарапшылары мен Қазақстанда тіркелген әскери дипломатиялық корпус қатысып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны