10.04.2007, 18:20 3357

Дамба ауылының маңындағы төгілген мұнайға қатысты шара қолдану жөніндегі Солтүстік Каспий базасының құрылысы 2008-2009-жылдарға қалдырылды

АҚТАУ. 10-сәуір. Kazakhstan Today. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының еншілес ұйымы "ТеңізСервис"ЖШС және "Agip КCО" теңіздегі мұнай операцияларын қолдау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарлама аясында 2008-2009-жылдарда Атыраудан 22 шақырым жердегі Дамба ауылының маңындағы төгілген мұнайға қатысты шара қолдану жөніндегі Солтүстік Каспий базасының құрылысын салу жобасын іске асыра бастауды жоспарлауда. Бұл туралы демалыс күндері Ақтауда өткен медиа-тур барысында "Agip КCО" компаниясының төгілген мұнайға қатысты шара қолдану жөніндегі супервайзері Артур Бердалиев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жобаның мақсаты Қашаған кенішінде мұнай өндіріле бастағанға дейін "Agip КCО" тарапынан Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты қайраңының солтүстік бөлігінде теңіздегі мұнай операцияларын жүргізуші басқа да операторларды мұнай өндіру үшін айрықша қажетті қызмет түрлерімен қамтамасыз ету , атап айтсақ, төгілген мұнайға қатысты шаралар қолдану, материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, мамандарды жеткізу, материалдарды сақтау т.б.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағанындай, бүгінде жобалық құжаттамаларды жасау жұмыстары жүргізілуде. Нысан осыдан кейін салына бастайды. Жобалық құжаттамаларды жасау жұмыстары"ТеңізСервис"ЖШС пен "Agip КCО" арасындағы техникалық сервистік келісімге сәйкес "Agip КCО" есебінен атқарылуда".

Солтүстік Каспий базасының құрамына төгілген мұнайға қатысты шара қолдану жөніндегі орталық, экологиялық және метеорологиялық бақылау қызметі, материалдық-техникалық қамтамасыздық базасы енеді.

Жобаның құны шамамен 40 млн долларға бағаланып отыр.

Бұл апат бола қалған жағдайда оның зардаптарын жедел жоюға түрткі болатын экологиялық айрықша маңызды нысан. Ол төтенше жағдайлардң алдын алу талаптары мен халықаралық стандарттарға, сондай-ақ, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР заңына сай болуға тиіс. База экологиялық тұрғыда сезімтал қамысты жағалау аймағын қорғауға бағытталған және ол мұнай операциялары аймағына жақын жерде орналасуға тиіс. Нысанның орналасатын аймағын таңдау да осы мақсатпен сабақтас.

Ағымдағы жылдың ақпан айында "ТеңізСервис"ЖШС-нің ұйымдастыруымен Атырауда өткен төгілген мұнайға қатысты шара қолдану жөніндегі Солтүстік Каспий базасының құрылысын салу жобасының қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалауға арналған қоғамдық тыңдауда хабарлағанныдай, жобаны салушы бас мердігер ретінде жергілікті Мұнай- геологиялық барлау жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты таңдап алынған.

Мұнай- геологиялық барлау жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты мамандарының хабарлауынша, бұл база Солтүстік Каспий суларына төгілген мұнайды жою жөніндегі жабдықтарды орнату, оларға техникалық қызмет көрсету және сақтау үшін пайдаланылады.

Төгілген мұнайға қатысты шара қолдану жөніндегі Солтүстік Каспий базасының кешеніне хайуанаттарды құтқару орталығы да енеді. Онда жануарлар мұнайдан тазартылып, толық сауыққанға дейін емделеді. Бұл жерде сонымен қатар теңіз жабдықтарын, ұңғыларды құрастыру жабдықтарын сақтауға арналған қоймалар, экологиялық және метеорологиялық бақылау бөлімдері, медициналық бөлімше, төтенше жағдайларға арналған тікұшақ қонатын алаңдар бар.

Сонымен бірге жүк тиеу және түсіру жұмыстарына арналған, кемелердің бұрылуы мен жүріп-тұруына және оларды жасырып қоюға арналған айлақ пен гавань салу межеленген. Бұлардың бәрі кеме қатынасына қатысты кері әсерлерді азайтады.

Төгілген мұнайды тікелей жою жұмыстары үшін суға десанттық қайықтарды, шағын баржалар мен катерлерді, сондай-ақ, ауалы жастыққа орнатылған кемелерді муға жіберуге арналған екі құрылғы салу жоспарланған.

"Солтүстік Каспий базасының құрылысын салу жобасы қоршаған ортаға ең төменгі мөлшерде әсер етеді деп бағалануда",- деді А.Бердалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны