21.12.2012, 18:21 5967

"Даму" қоры арқылы қолдауға ие болған балабақшада 60-қа тарта бүлдіршін тәрбиеленуде

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жыл сайын көркейіп жатқан Астана қаласының тұрғындары да мезгіл санап артып келе жатқаны анық. Сол сияқты кішкентай елордалықтардың да қатары көбейіп келеді. Алайда, сол бүлдіршіндерді балабақшаға орналастыру үшін ата-аналар күн емес, ай емес, жылдап кезек күтетіні рас.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Даму" қоры арқылы қолдауға ие болған балабақшада 60-қа тарта бүлдіршін тәрбиеленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жыл сайын көркейіп жатқан Астана қаласының тұрғындары да мезгіл санап артып келе жатқаны анық. Сол сияқты кішкентай елордалықтардың да қатары көбейіп келеді. Алайда, сол бүлдіршіндерді балабақшаға орналастыру үшін ата-аналар күн емес, ай емес, жылдап кезек күтетіні рас.

Астана қаласы бойынша балабақша кезегінде тұрған 38 мың баланы мемлекет бірден балалар бақшасына орналастыра алмайтыны анық. Сондықтан, соңғы уақытта жекеменшік балабақша ашам деушілерге үкімет жан-жақты көмек көрсетуге көшкен. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры елорданың сол жағалауынан жекеменшік үй сатып алып, оны балабақшаға айналдырған "МедТорг-Астана" ЖШС-не де қол ұшын созған.

"Гауһартас" атты балабақшамыздың ашылғанына 1 жыл толады. Балабақшаны ашпас бұрын көп ойланып, ақыры бір байламға келдік. Басқа кәсіпкерлік емес, осы балаларға тәрбие-білім беретін мекеме ашуға ниеттеніп, бар ынтамызды салдық. Істі бастар алдында қаражат жетпеді. Банктен несие алдық, бірақ жағдай одан сайын қиындай түсті. Себебі, пайыз көп еді. Содан, "Нұр Отан" ХДП ғимаратының жанынан өтіп бара жатып, "Даму" қорының жарнамасын көзіміз шалды. Бірден барып, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетілетінін білген соң, талап-тілегімізді алып бардық. Жобамыз мақұлданып, қазір банктегі несиеміздің жартысын, яғни жылдық 14 пайзыдың 7 пайызын қазір "Даму" қоры субсидиялап отыр", - дейді балабақша директоры Ернұр Маханбетов.

Ол басқа жекеменшік балабақшаларға қарағанда, "Гауһартас" балабақшасы қызметкерлерге қоятын талабы жағынан да, балаларға беріп отырған тәлім-тәрбиесі жағынан да бір саты алда тұр дейді.

"Мысалы, осы ауданда орналасқан бірнеше балабақшалар балалардың көп уақытын ойнатумен өткізеді екен. Ал біз оларды жасына қарай топ-топқа бөліп, білім береміз. Ең жоғарғы топ "Иліппе" тобы күніне кәдімгідей сабақ өтіп, мектепке дайындалады. Бірақ, соған сай, яғни арнайы ұстаздар шақыру үшін, білікті маманды жұмысқа қабылдау үшін оларға жоғарғы жалақы төлеуіміз керек. Жай топтардағы балалардың ата-аналары айына 30-35 мың теңге төлесе, "Иліппе" тобы 40 мың төлейді. Ата-аналарға ауыр, әрине. Бірақ ол ақшаны біз қалтаға баспаймыз, тек балалар тәрбиелі әрі білімді болып шықса дейміз", - дейді балабақша директоры.

Бүгінгі жағдайға сәйкес, "Даму" қоры Астана қаласы бойынша жалпы сомасы 744,3 млн теңге құрайтын 7 жобаға кепіл болған. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан қолдауға ие болған 153 жобаның ішінде 120 жобаға 138 190,73 теңгенің субсидиясы берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны