08.02.2008, 12:17 1484

Дамушы елдер ақпараттық-коммуникациялық технология өнімдерін шығару және экспорттау жағынан алдыңғы қатарда

Дамушы елдер ақпараттық-коммуникациялық технология өнімдерін шығару және экспорттау жағынан алдыңғы қатарда

Алматы. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Дамушы елдер ақпараттық-коммуникациялық технология(АҚТ) өнімдерін шығару және экспорттау жағынан алдыңғы қатарда. Бұл туралы БҰҰ даму және сауда жөнінде Конференциясының "2007-2008 жылдарының ақпараттық экономикасы жөнінде: ғылым және технологияны дамыту үшін -АКТ жаңа парадигмасы" атты жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.

Баяндамада айтылғанындай, компьютерлік микросхемалар, ұялы телефондар, ноутбуктер, телевизорлар, DVD және басқа да электрондық тауарлардың басым бөлігі дамушы елдерінде шығарылады. Ал Қытай дүние жүзі бойынша 2004 жылы АҚШ- ты басып озып, ең ірі экспорттаушы атанды. Үндістан АКТ халықаралық қызметін сату көлемі бойынша бірінші орынды иеленді.

Баяндама авторлары дамушы елдерде АКТ таратылуы жылдан жылға кеңейіп бара жатқанына назар аударды. Ұялы телефондар дамушы әлемде ең көп пайдаланылатын тауарға айналды. Соңғы бес жылда бұл елдерде ұялы телефондардың қызметін пайдаланушылардың саны 3 есеге өсіп, бүгінде әлемдегі ұялы байланыс қызметі абоненттерінің 58 пайызын құрап отыр.

"АКТ саласындағы қарқындылық дамушы елдерде орнығып, технологиялардың дамуына үлкен серпін беруі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде дамушы елдер экономикасының жаңартылуына септігін тигізеді ", -деп көрсетілген баяндамада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны