26.06.2008, 15:59 2924

Дамушы елдерде операция үстелінде науқастардың 5 - 10% қайтыс болады - Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы

Дамушы елдерде операция үстелінде науқастардың 5 - 10% қайтыс болады - Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жыл сайын дүниежүзінде 234 млн хирургиялық операция, яғни, әрбір 25 адамға шаққанда бір операциядан жасалады. Өкінішке орай олардың біраз бөлігі өліммен аяқталады, күрделі асқынуларға немесе мүгедектікке алып келеді. Бұл ағымды кері бұру үшін Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы хирургтар мен медбикелерге арналған стандартты нұсқаулар жиынтығын ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өнеркәсіптік дамыған елдерде хирургиялық операциялардың 3 - 16% күрделі асқынуларға алып келетінін, мұндай оқиғалардың 0,4 - 0,8% өліммен немесе еңбек қабілетінн айрылуға алып келеді. Ал дамушы елдерде барлық науқастардың 5 - 10% операция үстелінде көз жұмады.

Осыған байланысты Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы "Қауіпсіз хирургия өмірді құтқарады" атты бастаманы қолдауға шақырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны