24.04.2018, 14:19 4734

Даниал Ахметов: "Б.з.д VII ғасырда ата-бабаларымыз игерген алтын соғу технологиясы әлемніӊ ешбір елінде болған емес"

Сондай-ақ, алдағы таӊда б.з.д. VII және IV ғасырларда болған "зауыттардыӊ" өзі де табылуы ықтимал деген үміттіӊ барын жеткізді.

Өскемен. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Даниал Ахметов Қазақстандағы Францияныӊ Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті.

Аймақ басшысы елшіге өӊірдіӊ өндіріс саласындағы әлеуеті туралы айтты. Бүгінде облыстағы ірі өнеркәсіп ошақтарыныӊ өнімі тек Қазақстанда емес, сонымен қатар әлем бойынша жоғары сұранысқа ие. Даниал Ахметов бұдан бөлек, ел тарихына тоқталып, жаздыкүні Филипп Мартинэні киелі орындарды, атап айтқанда Берелдегі Патшалар алқабын және Зайсан ауданындағы Шіліктіні аралауға шақырды. Икім сондай-ақ, ата қоныста, яғни, Шығыс Қазақстанда б.з.д. VII ғасырда бабалардыӊ бірегей металлургиялық технологиясы болғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, алдағы таӊда б.з.д. VII және IV ғасырларда болған "зауыттардыӊ" өзі де табылуы ықтимал деген үміттіӊ барын жеткізді.

- Біз ұлттық мәдениетімізбен мақтанамыз. Көпшілік біздіӊ халықтыӊ көшпелі тұрмысы үлкен мүмкіндіктерге жол ашпаған деп ойлайды. Алайда, бүгінде белгілі дүние, ол - біздіӊ заманымызға дейінгі VII ғасырда Шығыс Қазақстанда ата-бабаларымыз бірегей металлургиялық технологияны игерген. Илемніӊ ешбір елінде ол уақытта, яғни, б.з.д VII ғасырда алтынды соғу технологиясы болған емес. Өткен жылдары үлкен көлемде артефакт қазып алдық. Сол зергерлік бұйымдар мен қару-жарақтар ата-бабаларымызда болған жоғары металлургиялық мәдениетті айғақтайды. Сөзсіз, бұл осы күндерге дейін болған мемлекеттіліктіӊ жоғары деӊгейін көрсетеді, - деп, атап өтті Даниал Ахметов.

Елшініӊ айтуынша, археология саласында серіктестік, оныӊ ішінде Патшалар алқабы француздық эксперттер үшін өте қызықты. Өз кезегінде Филипп Мартинэ аймақ басшысыныӊ шақыруын қабыл алып, турист есебінде келетінін жеткізді. Кездесу барысында сондай-ақ, өӊірде француз тілін заманауи әдіс бойынша оқыту туралы келісім жасалды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны