10.01.2018, 23:27 5768

Даниал Ахметов: "ШҚО оқушылары музей мен театрларға жүйелі түрде баратын болады"

Енді Шығыс Қазақстан оқушылары музей мен театрларға жүйелі түрде баратын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағдарламасы талқыға түскен кеӊейтілген аппараттық кеӊесте айтты.

Өскемен. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Енді Шығыс Қазақстан оқушылары музей мен театрларға жүйелі түрде баратын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағдарламасы талқыға түскен кеӊейтілген аппараттық кеӊесте айтты.

Шығыс Қазақстан облысында 10 аймақтық музей, сондай-ақ оныӊ 5 бөлімі жұмыс істейді. Басты мақсаты - аймақтыӊ тарихи, мәдени мұраларын сақтау, зерттеу және тарату. 2017 жылы өӊірде 400-ден аса мәдени іс-шара ұйымдастырылып, театр тарландарымен 585 саxналық көрініс қойылды. Облыс театрлары мен музейлерініӊ жұмысы қаншалықты тиімді болса да, облыс әкімі оқушылардыӊ сол мәдени мекемелерге көп келе бермейтінін қатаӊ сынға алды.

- Мектеп оқушылары аймақтыӊ музей мен театрларына жүйелі түрде барып тұрулары қажет. Тарих, география, биология және мәдениеттану сабақтарын өткізу үшін музейлерді пайдалану туралы бағдарлама дайындауды тапсырамын. Сонымен қатар, оқушылардыӊ қойылымдарға баруына жағдай жасап, қосымша қаржы бөлейік, - деді Даниал Ахметов.-Өйткені барлық мемлекеттік бағдарламалар жастарға бағытталған және бұл балаларымызға біздіӊ мәдени мұрамызбен танысуға мүмкіндік береді.

2017 жылы өӊірде алты жоба "Рухани Жaӊғыру" бағдарламасы аясында бастау алды. Атап айтқанда, "Киелі география", "Жаһандану әлеміндегі қазіргі Қазақстан мәдениеті","Туған жер" және басқа да жобалар ұлттық бірегейлікті және жаӊа қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылып келеді.

- Қоғамныӊ рухани дамуына ерекше назар аудару қажет. Ал "РуханиЖаӊғыру" бағдарламасы осы бөліктіӊ негізі болып саналады. Бұл мемлекеттік бағдарламаныӊ мәні барлық бұқаралық ақпарат құралдарында лайықты жариялануы керек. Бұл бағытта жүргізілетін әрбір жұмыс әрбір азамат үшін анық болуы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеулер жалғасын табуда. Бұл ретте аймақ басшысы Даниал Аxметов археологиялық зерттеулерге оқушыларды қатыстыру турасында тиісті бағдарламаларды дайындауды бұйырды, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны