03.07.2015, 17:22 3978

Дәрежелі армиялық спортшылар Оӊүстік Кореяда өтетін Универсиада - 2015-те Қазақстанныӊ атынан шығады

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ жеті спортшысы Универсиада - 2015-те Қазақстанныӊ намысын қорғайтын болады. Олар спорттыӊ екі түрінен таэквондо және дзюдодан тартысқа түседі

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ жеті спортшысы Универсиада - 2015-те Қазақстанныӊ намысын қорғайтын болады. Олар спорттыӊ екі түрінен таэквондо және дзюдодан тартысқа түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Таэквондодан команда құрамында беделді халықаралық сайыстарда елімізді бірнеше мәрте мәшһүр еткен дәрежелі армиялық спортшылар. Ол Қазақстанныӊ чемпионы 2012 жылғы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатыныӊ қола жүлдегері кіші сержант Мереке Жүнісова, ҚР және халықаралық турнирлердіӊ чемпионы қатардағы жауынгер Руслан Жапаров, спорт шебері, ҚР чемпионы қатардағы жауынгер Марат Ибдіқалиев, ҚР ҚК қызметкерлері - Лондонда өткен Олимпиада қатысушысы, ҚР чемпионы Нұрсұлтан Мамаев пен спорт шебері, ҚР чемпионы Азамат Теӊізбаев. Команда бапкері таэквондодан Қазақстан мен Ресейдіӊ екі дүркін чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы 1995 жылғы әлем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері капитан Инуар Үсенов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Универсиадада оларға ҚР ҚМ АОСК дарынды дзюдошысы, спорт шебері, дзюдодан Қазақстан мен халықаралық турнирлердіӊ чемпионы қатардағы жауынгер Ғұмар Қырғызбаев серік болады.

Универсиада - 2015 шілденіӊ 6-ы мен 16-ы аралығында оӊтүстік кореялық Кванджу қаласында өтетінін айта кетейік. Біздіӊ спортшыларымыз барынша көп медаль және жүлделі орын алуға ниеттеніп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны