05.07.2018, 19:55 3665

Дархан Кәлетаев Астананыӊ мерейтойына орай мемлекеттік наградаларды табыстады

Салтанатты шара барысында Дархан Кәлетаев медальдар мен дипломдарды табыстады. Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен 26 азамат, оныӊ ішінде 9 министрлік қызметкері "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - 4 шілде күні ҚР Қоғамдық даму министрлігінде Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға министрліктіӊ басшылығы мен қызметкерлері, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Дархан Кәлетаев жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Астана тәуелсіз мемлекеттіӊ гүлденуініӊ және дамуыныӊ символына айналғанын айтты.

"Барлықтарыӊызды келе жатқан қала күнімен құттықтаймын. Астана- еліміздіӊ жүрегі. Астана барлық армандар орындалатын қала. 20 жыл ішінде елордамыз үлкен белестерді бағындырды. Қаланыӊ қалыптасуы барысында алға қойылған мақсат-міндеттер іс жүзінде жүзеге асты. Астанада еӊбек жолын бастайтын жастар үшін өздерін жан-жақты дамытуға және үлкен жетістіктер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар",- деп атап өтті Дархан Кәлетаев.

Салтанатты шара барысында Дархан Кәлетаев медальдар мен дипломдарды табыстады. Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен 26 азамат, оныӊ ішінде 9 министрлік қызметкері "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Атап атйқанда, мерейтойлық медальмен министрліктіӊ жауапты хатшысы Марат Изілханов, вице-министр Берік Арын, Азаматтық қоғам істері комитетініӊ төрайымы Илия Ғалымова, Дін істері комитетініӊ төрағасы Еркін Оӊғарбаев, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз, Қазақстанныӊ бас раввині Ешая Элазар Коген, Астанадағы Иулие Мария Рим-католиктік Архиепархиясыныӊ архиепископы Томаш Бернард Пэта, Қазақстандағы Евангелистік-Лютерандық шіркеуініӊ архиепископы Юрий Новгородов, "Аймақ" ҚБ басшысы Айгүл Соловьева, "Астаналық КЕҰ форумы" заӊды тұлғалар бірлестігініӊ басшысы Баян Ахметжанова,"Ауыл" халықтық демократиялық партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Толымбек Ғабділәшімов марапатталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасыныӊ бұйрығына сәйкес "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісі Дін істері комитетініӊ төрағасы Еркін Оӊғарбаевқа табысталды.

Бұдан бөлек, мерекеге орай қызметтеерекше нәтижеге қол жеткізген бірқатар министрлік қызметкерлері министрдіӊ грамотасымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны