19.09.2018, 16:41 4285

Дархан Кәлетаев БҰҰ Даму Бағдарламасыныӊ өкілдерімен кездесті

Илейн Конкиевич Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен және орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдеӊгейіне оӊ көзқарас таныта отырып, ҚР Қоғамдық даму министрлігімен бірлескен іс-шараларды өткізуге дайын екендігін жеткізді.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев БҰҰ-ныӊ Даму Бағдарламасыныӊ әйелдер және гендерлік теӊдік істері бойынша Қазақстандағы "БҰҰ-Ийелдер" құрылымыныӊ өкілі Илейн Конкиевич бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар отбасы және гендерлік саладағы Қазақстан мен БҰҰДаму Бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықтыӊ негізгі мәселелерін, әйелдердіӊ құқықтары мен мүмкіндіктерін кеӊейтудегі үкіметтік емес ұйымдардыӊ рөлін талқылады.

Дархан Кәлетаев Қоғамдық даму министрлігі атауыныӊ өзгеруі, Жастар және отбасы істері комитетініӊ құрылуы нәтижесінде отбасы саясаты министрлік жұмысыныӊ жаӊа басым бағытыболғанын атап өтті.

Министр БҰҰ-ныӊ Даму Бағдарламасы өкілдерін үкіметтік емес ұйымдардыӊ гендерлік мәселелерді шешуге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҮЕҰ қаржылай қолдау механизмдерін жүзеге асыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстармен таныстырды.

Илейн Конкиевич Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен және орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдеӊгейіне оӊ көзқарас таныта отырып, ҚР Қоғамдық даму министрлігімен бірлескен іс-шараларды өткізуге дайын екендігін жеткізді.

Кездесу соӊында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту, отбасы және гендерлік саясат мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жандандыру маӊыздылығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны