11.06.2018, 15:17 5659

Дархан Кәлетаев дін саласында имамдармен бірлесе атқаратын жұмыстыӊ алты бағытын атады

Сапар аясында министр алдымен облыс орталығынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Темір ауданына қарасты Кеӊқияқ, Шұбарши ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда Дархан Кәлетаев діни саладағы мемлекеттік саясаттыӊ басымдықтарынтүсіндіріп, халықпен пікір алмасты.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев жұмыс сапармен Ақтөбе облысына барды.

Сапар аясында министр алдымен облыс орталығынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Темір ауданына қарасты Кеӊқияқ, Шұбарши ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда Дархан Кәлетаев діни саладағы мемлекеттік саясаттыӊ басымдықтарынтүсіндіріп, халықпен пікір алмасты.

Кездесу барысында министр дін саласындағы заӊнамада бет-әлпетті жабуға тыйым салудыӊ не себепті енгізіліп отырғанын айтты.

"Бет-әлпетті жабу қазақ халқына жат. Бұл тарихымызда да, мәдениетімізде де болмаған. Сондықтан әйелдердіӊ бет-әлпетін жабуын заӊды түрде тыйым салып отырмыз. Бұл тұрғыда қоғамда дұрыс пікір бар, көпшілігі қолдап отыр", - деді Д. Кәлетаев.

Сонымен қатар, Дін істері және азаматтық қоғам министрі мектепте орамал тағу мәселесіне орай өз пікірін білдіріп, мектептіӊ талабын ұстану қажеттігін баса айтты.

Дархан Кәлетаевтыӊ айтуынша, осындай талаппен қатар, альтернативті жолы да бар. Оныӊ бірі - қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып үйде оқыту. Министр бұл мәселе бойынша Білім және ғылым министрімен пікірлесіп жатқанын және бұл бағытта жұмыстардыӊ жалғасып жатқанын атады.

Ақтөбе өӊіріне сапар барысында министр Темір ауданыныӊ орталығында аудан активімен және ардагерлер, теолог-имамдармен, сонымен қатар, аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелерімен кездесті.

Түстен кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Алға ауданындағы Бестамақ ауылында болып, Ақтөбе облысындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ имамдарымен кездесті.

Министр өз сөзінде "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заӊға толықтырулар енгізу қажеттілігін уақыттыӊ өзі көрсетіп отырғанын айтты.

"Кейбір топтардыӊ осы заӊнама жобасын "ислам дінініӊ мүдделеріне қайшы келеді, мұсылмандарға қарсы бағытталған" деген жалған мәлімет таратып жүргенін де жасыруға болмайды. Бұл мәліметтер мүлде негізсіз", - деп мәлідеді Д. Кәлетаев.

Осы ретте, министр имамдарды заӊнама жобасына барынша қолдау білдіріп, аталған заӊ жобасыныӊ пайдасын, артықшылықтарын халыққа толықтай түсіндіруге атсалысуға шақырды.

Дархан Кәлетаев дін саласында имамдармен бірлесе атқаратын жұмыстыӊ негізгі алты бағытына тоқталып өтті. Олар: теріс діни ағымдардыӊ қызметіне тосқауыл қою; деструктивті діни ағымдармен жұмыс жүргізетін имамдар мен теологтардыӊ білімі мен білігін көтеру; діни экстремизм мен радикализм идеялары таралуыныӊ алдын алуға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тұрғындарды кеӊінен қамту; жастардыӊ бойында радикалдық идеяларға қарсы нөлдік иммунитетті қалыптастыру; мешіт имамдарыныӊ уағызын "Уағыз айтудыӊ бірыӊғай тәртібінде" бекітілген қағидат бойынша жүзеге асыру; "Мешіттердіӊ ішкі тәртіп ережесін" жетілдіру.

Дархан Кәлетаев деструктивті діни ағымдармен жұмыс жүргізетін имамдар мен теологтардыӊ білімі мен білігін көтеруде Діни Басқарманыӊ Ақтөбе облысындағы уәкілдігіне жергілікті имамдар мен теологтардыӊ резервін қалыптастыруды ұсынды.Қалыптасқан резерв бойынша "Нұр-Мүбарак" университетіне біліктілікті көтеруге имамдар мен теологтар жіберіліп отыратын болады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Темір ауданыныӊ орталығындағы "Досжан ишан" мешітініӊ және Алға ауданындағы "Ақтөбе медресе" колледжініӊ қызметтерімен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны