09.08.2018, 19:27 3982

Дархан Кәлетаев қажылықты ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігініӊ Қажылық істері жөніндегі министрлігімен жыл сайын келісім жасасып, соныӊ негізінде биылғы жылы 3 мыӊ адамға квота бөлінді.

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 8 тамызда ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтыӊ төрағалығымен қажылыққа баратын қазақстандықтардыӊ жолға шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өтті.

Отырысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ басшылығы және мүдделі мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, сондай-ақ "Scat" және "Fly Nas" әуекомпаниясыныӊ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қажылық маусымында қазақстандық азаматтардыӊ қажылыққа бару және келу тәртібі пысықталды, қажыларды тасымалдайтын әуекомпаниялардыӊ даярлығы, соныӊ ішінде ұшақтардыӊ уақытылы ұшуын қамтамасыз ету, сондай-ақ міндетті екпе егу (вакцинация) рәсімі мен виза алу мәселелеріталқыланды.

Дархан Кәлетаев Қазақстан азаматтарыныӊ заӊды мүдделері мен қауіпсіздігін ұйымдастыру және қажылық кезінде қажылыққа барғандар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттілігіне баса назар аударды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігініӊ Қажылық істері жөніндегі министрлігімен жыл сайын келісім жасасып, соныӊ негізінде биылғы жылы 3 мыӊ адамға квота бөлінді.

Министрдіӊ айтуынша, қажылықты қадағалау мен ұйымдастыру үшін Министрлік тарапынан ҚМДБ-мен бірге 14 адамнан тұратын қажылық миссия құрылды: ҚМДБ - 7 өкіл, БАҚ - 3 өкіл, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 2 медицина қызметкеріжәне ҚР Қоғамдық даму министрлігініӊ - 2өкіл.

ҚМДБ-ныӊ мәліметі бойынша барлық қажылыққа аттанушылар қажылықты ұйымдастыруға қатысқан 18 қазақстандық туристік компанияға бекітілді.

Қазақстан мен Сауд Арабиясыныӊ әуекомпаниялары 50/50 үлес арқылы ұшуды ұйымдастырады. Сауд Арабиясы тарапынан қазақстандықтардыӊ қажылыққа ұшып баруын ұйымдастыру үшін "Fly Nas" әуекомпаниясы белгіленді. Қазақстан тарапынан өткен жылдан бері ҚР Қоғамдық даму министрлігініӊ қолдауымен қажылыққа аттанғандарды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді "SCAT" әуекомпаниясы жүзеге асырады.

Қажылық парызын өтейтін қазақстандықтар Сауд Арабиясына 9-15 тамыз аралығында барып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады.

Аталған отырыста қажылыққа аттанатын қазақстандықтарға екпе егу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы жылы Қазақстанныӊ 5 қаласыныӊ 8 медициналық орталығында бір уақытта екпе егу рәсімі (вакциналау) жүргізітелітін болады.Қажылыққа аттанатындар үшін екпе бағасы 28 мыӊ теӊгені құрайды.

Қоғамдық даму министрлігі 2017 жылы Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекіткенін айта кеткен жөн.

Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ қажылыққа баруын ұйымдастыру процесстерін реттеуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге аталмыш құқықтық актіні енгізу қажылық парызын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарыныӊ деструктивті діни идеологияныӊ ықпалына түспеуіне мүмкіндік береді.

По итогам заседания ответственным органам даны рекомендации о принятии мер по решению всех организационных вопросов проведения хаджа на высоком уровне.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға қажылыққа бару бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жөнінде ұсынымдар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны