07.09.2018, 23:20 6883

Дархан Кәлетаев отбасы саясаты мәселелері жөніндегі "дөӊгелек үстел" жұмысына қатысты

Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы Отбасы күні қарсаӊында "Қазақстандық қоғамды жаӊғырту процесіндегі отбасыныӊ рөлі" тақырыбында "дөӊгелек үстел" жұмысын өткізді.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы Отбасы күні қарсаӊында "Қазақстандық қоғамды жаӊғырту процесіндегі отбасыныӊ рөлі" тақырыбында "дөӊгелек үстел" жұмысын өткізді.

"Дөӊгелек үстел" жұмысына Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Ибдіқалықова,ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Қазақстан Республикасы Парламентініӊ депутаттары, отбасы және отбасылық тәрбие мәселелерін зерттейтін ғылыми ұйымдар басшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев өз сөзінде отбасы саясаты саласы бойынша арнайы Жол картасын әзірлеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Министрдіӊ айтуынша отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді ілгерілету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, отбасыларға кәсіби көмек көрсететін қызметтерді (әлеуметтік қызметтер, дағдарыс орталықтары, сенім телефондары) институционалды бағытта нығайту бойынша және тағы да басқа шаралар қабылданатын болады. "Дөӊгелек үстел" барысында отбасылық жағдайдыӊ негізгі әлеуметтік-демографиялық индикаторлары, оныӊ ішінде әлемдік тенденция, отбасын дамытудағы қазақстандық тәжірибе қарастырылды. Іс-шараныӊ қорытындысы бойынша қатысушылар озық халықаралық және ұлттық тәжірибені қолдану арқылы Қазақстандағы отбасы институтын нығайту және дамыту бойынша ұсынымдар әзірледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны