24.04.2018, 13:22 4055

Дархан Кәлетаев пен Исет Исекешев Астанадағы Успен Кафедралды Соборын аралады

Сапар аясында қонақтар Успен Кафедралды Соборыныӊ жұмысымен танысып, рухани-мәдени орталық ғимаратын және шіркеу мұражайын аралады.

Астана. 24 сәуір. KazakhstanToday - 2018 жылғы 21 сәуір күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев пен Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев Астанадағы Иулие Кирилл мен Мефодий атындағы Рухани-мәдени орталықта болып, Қазақстандағы Орыс Православие шіркеуініӊ Митрополит округініӊ басшысы, Астана және Қазақстан митриполиті Александрмен кездесті.

Сапар аясында қонақтар Успен Кафедралды Соборыныӊ жұмысымен танысып, рухани-мәдени орталық ғимаратын және шіркеу мұражайын аралады.

Кездесу барысында Дархан Кәлетаев Орыс Православие шіркеуініӊ қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

"Православие шіркеуі ізгілікті, қайырымдылықты, дәстүрлі құндылықтарды насихаттауда мемлекеттіӊ сенімді серіктесі болып табылады. Исіресе Православие шіркеуініӊ дінаралық және мемлекеттік-конфессиялық сұхбатқа белсенді қатысуы айрықша маӊызға ие", - деді Дархан Кәлетаев.

Министр кездесу барысында Орыс Православие Шіркеуініӊ рухани құндылықтарды сақтауға және дамытуға бағытталған ұсыныстарын қолдауға дайын екендігін білдірді.

Митрополит Александр өз кезегінде ведомство басшыларына шіркеудіӊ тыныс-тіршілігі туралы айтып, Митрополит округініӊ қызметі мемлекет пен қоғам тарапынан әрдайым қолдау табытынына сенім білдірді.

Кездесуде Қазақстандағы Православие дініне қатысты кеӊ ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасу болып өтті. Оныӊ қорытындысы бойынша тараптар сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны