19.10.2018, 19:43 4129

Дархан Кәлетаев Ватикан мен Ресейдіӊ дін өкілдерімен дінаралық диалог мәселелерін талқылады

Министрдіӊ Мүфти Равиль Гайнутдинмен кездесуінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ VI съезі аясында екіжақты кездесулер өткізді, атап айтқанда, Құқықтық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі Папалық кеӊесініӊ құрметті төрағасы Франческо Коккопальмериомен, РФ Мүфтилер Кеӊесініӊ және Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы Шейх Равиль Гайнутдинмен, Мәскеу Патриархатыныӊ Орыс православие шіркеуініӊ Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімініӊ төрағасы Митрополиті Волоколамск Иларионмен кездесті. Дархан Кәлетаев Ватиканныӊ дінаралық форум қызметін дамытудағы айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Кардинал Франческо Коккопальмерионі дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін а.ж 10 қазан күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ дінаралық диалог бойынша Папалық Кеӊеске берген Астана халықаралық сыйлығын алуымен құттықтады.

Кардинал Франческо Коккопальмерио Қазақстанныӊ Астанасы ерекше қонақжайлылықпен қарсы алып жатқаны үшін алғысын білдірді. Бұдан бөлек, әртүрлі діндердіӊ өкілдері диалогқа қатысып, бейбітшілік, келісім мен толеранттылық идеяларын насихаттайтын Астана дінаралық саммитініӊ бірегейлігін атап өтті.

Министрдіӊ Мүфти Равиль Гайнутдинмен кездесуінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті.

Р.Гайнутдин Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасымен өткен Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ съезіне жоғары баға берді. Кездесу барысында тараптар Ресей муфтилері кеӊесі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарға көӊілі толатындықтарын жеткізді. Исламдық жоғары оқу орындарыныӊ имамдары мен оқытушыларын даярлау бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Волоколамск Митрополиті Иларионмен кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдегі шіркеу саласындағы мемлекеттік диалогтыӊ кейбір аспектілері талқыланды.

Митрополит Иларион көпжақты диалог өткізу және ұжымдық шешімдер қабылдау үшін Қазақстанныӊ конфессияаралық форумды ұйымдастыру бастамасы әлемдік қауымдастық мүшелері тарапынан кеӊ қолдау тапқанын және аталған шара қазіргі жаһандық сын қатерлерге берілген дер кезіндегі жауап екенін атап өтті.

Кездесудіӊ қорытындысы бойынша тараптар қазіргі уақытта қалыптасқан ізгі және сындарлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны