10.02.2020, 18:32 3098

Дариға Назарбаева Қордайдағы оқиға кезінде қайтыс болған жандардың жақындарына көңіл айтты

Арандатушылар мен тонаушылар - адамдардың қаны мен қайғысына өмір сүретін қылмыскерлер. Қордай ауданында үкіметтік комиссиямен бірге ҚР Парламенті Сенатының депутаттар тобы жұмыс істеуде", - деді Д. Назарбаева.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Дариға Назарбаева Қордайдағы оқиға кезінде қайтыс болған жандардың жақындарына көңіл айтты.

Дариға Назарбаева Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғадан қайтыс болған және зардап шеккен жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез сауығып кетуіне тілекшімін. Қазақстан халқы үшін бейбітшілік пен келісім басты құндылық болып табылады. Біз бүгін қаза болған жандарды қайғыра еске ала отырып, қоғам үшін бейбітшілік пен келісімнен маңызды ештеңе жоғын ерекше түсінеміз. Осы құндылықтарды өз өміріміздей сақтау әрқайсысымыздың міндетіміз.

Арандатушылар мен тонаушылар - адамдардың қаны мен қайғысына өмір сүретін қылмыскерлер. Қордай ауданында үкіметтік комиссиямен бірге ҚР Парламенті Сенатының депутаттар тобы жұмыс істеуде", - деді Д. Назарбаева.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны