07.06.2013, 15:23 2790

Дәрі-дәрмек бағасына мемлекеттік реттеуді енгізу оны арзандатуға мүмкіндік береді

"Интерфакс-Қазақстанға" Т.Баймұхановтың хабарлауынша, аралық көтерме бағамен сатып алушылардың көптігі импорт препараттарының өндірушінің бағасынан 3-4 есеге қымбат болуына әкеп соғып отыр. Бір дәрі сатылғанға дейін орташа алғанда 5-10 адамның қолынан өтуі ықтимал.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - Дәрі-дәрмек бағасына мемлекеттік реттеуді енгізу оны арзандатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Баймұханов мәлім етті.

"Интерфакс-Қазақстанға" Т.Баймұхановтың хабарлауынша, аралық көтерме бағамен сатып алушылардың көптігі импорт препараттарының өндірушінің бағасынан 3-4 есеге қымбат болуына әкеп соғып отыр. Бір дәрі сатылғанға дейін орташа алғанда 5-10 адамның қолынан өтуі ықтимал.

"Мәселен "Эффералган Упса", өндіруші зауыт Delta Medical Prootions AG-тің босатылым бағасы -149,88 теңге, дәріханалар халыққа оны 450-590 теңгеге сатады", деді Т.Баймұханов.

Алдында денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов денсаулық сақтау министрлігі биылдың өзінде дәрі-дәрмек бағасына мемлекеттік реттеуді енгізбек, деп хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны