11.01.2019, 14:45 6182

Дәрі-дәрмек қолға тимегені туралы хабарламаныӊ басым бөлігін Атырау, Қызылорда, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Астана қалаларыныӊ тұрғындары жолдаған

SMS-хабарлама қорытындысы бойынша, Қорға 2 881 пациенттен жауап келді. Оныӊ ішінде 441 пациенттіӊ дәрі-дәрмек алмағаны белгілі болды. Тағы 32 адам - диспансерлік есепте тұрмайды және ешқашан тегін дәрі алмаған болса, 10 адамға дәрі-дәрмек ішінара берілген.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Тегін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру барысын бақылау мақсатында қолға алынған нобайлы жобаныӊ алғашқы нәтижелері белгілі болды.

Өткен жылдыӊ соӊында Денсаулық сақтау министрлігі, МСҚ мен "СҚ-Фармация" ЖШС бірлесіп SMS-хабарлама жүйесін іске қосқан болатын. Атап айтқанда,2018 жылдыӊ қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттердіӊ телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Барлығы 191 мыӊ SMS жіберілген. Хабарламада рецептініӊ нөмірі мен дәрініӊ берілген күні көрсетілді. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттерге SMS-хабарламаға жауап ретінде "0" цифрын жолдау немесе "СҚ-Фармация" ЖШС-ніӊ 1439 байланыс нөміріне қоӊырау шалу ұсынылған болатын.

SMS-хабарлама қорытындысы бойынша, Қорға 2 881 пациенттен жауап келді. Оныӊ ішінде 441 пациенттіӊ дәрі-дәрмек алмағаны белгілі болды. Тағы 32 адам - диспансерлік есепте тұрмайды және ешқашан тегін дәрі алмаған болса, 10 адамға дәрі-дәрмек ішінара берілген.

Дәрі-дәрмек қолға тимегені туралы хабарламаныӊ басым бөлігін Атырау, Қызылорда, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Астана қалаларыныӊ тұрғындары жолдаған.

Сондай-ақ, бұл мониторинг жазылған рецептілер мен қолма-қол берілген дәрі саны бір-біріне сәйкес келмейтін 10 медицина ұйымын анықтауға мүмкіндік берді. Олардыӊ қатарында Шығыс Қазақстан облысындағы Защита темір жол ауруханасы, Өскемен қаласындағы №1 және №2 емханалар, Қарағанды қаласындағы №1 емхана, Түркістан облысы Келес аудандық "Абай" ауруханасы, Алматыдағы №5 қалалық клиникалық аурухана мен №23 емхана, Астанадағы "Шипагер" отбасылық денсаулық орталығы бар.

Естеріӊізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдыӊ басында кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеӊберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгерткен болатын. Яғни, Қор былтыр дәрі қолма-қол берілген және "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесіне енгізілген рецептілерге ғана ақы төлеуге көшті. "SMS-хабарламалар жүйеге пациенттердіӊ өздерін тартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ақпараттық жүйедегі мәліметтер мен дәрі-дәрмекпен нақты қамтамасыз ету көрсеткіші арасында едәуір алшақтық бары анықталды", - деп түсіндірді "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасыныӊ м.а. Ботагөз Жақселекова.

"Мониторинг нәтижесі өкілетті органдардыӊ тексеруіне негіз болып отыр. Тексеруді Фармация комитеті мен Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізбек. Оныӊ нәтижесі бойынша қабылданған шешімдер құқық қорғау органдарына беріледі", - деп қосты Б. Жақселекова.

МСҚ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмек (ТМКК) пакетініӊ және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МИМС) пакетініӊ операторы. 2018 жылдан бастап Қор ТМККК пакеті шеӊберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеп келеді. Ал, МИМС пакеті бойынша қызмет көрсету 2020 жылы басталмақ.

Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды "СК-Фармация" ЖШС сатып алады (МСҚ-мен арадағы келісімшарттан түскен қаржы есебінен). "СК-Фармация" дәрі мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарынан түскен өтініштер негізінде сатып алады. 2018 жылы МСҚ мен "СК-Фармация" ЖШС арасында 101,9 млрд теӊгеге контракт бекітілген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны