19.01.2016, 20:54 4019

Дәрігерлер жұмысқа рұқсат алу үшін 25 мыӊ теӊгеге дейін қаржы төлеуі тиіс деген ақпарат шындыққа сай келмейді

Дәрігерлер жұмысқа рұқсат алу үшін 25 мыӊ теӊгеге дейін төлеуі тиіс деген Қазақстанныӊ бұқаралық ақпарат құралдарында Facebook әлеуметтік желісініӊ қолданушысына сілтеме жасай отырып таратылған ақпарат шындыққа сай келмейді

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Дәрігерлер жұмысқа рұқсат алу үшін 25 мыӊ теӊгеге дейін төлеуі тиіс деген Қазақстанныӊ бұқаралық ақпарат құралдарында Facebook әлеуметтік желісініӊ қолданушысына сілтеме жасай отырып таратылған ақпарат шындыққа сай келмейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ДСИДМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығыныӊ құрамына кіретін Дағды және білімді бағалау республикалық орталығыныӊ (әрі қарай - ДББРО) жетекшісі Гүлмира Жангерееваныӊ мәліметі бойынша, медициналық қызметкерлердіӊ кәсіби даярлығын тәуелсіз бақылаудыӊ жаӊа жүйесі біліктілікті растаудыӊ халықаралық стандарттарына өтуіне байланысты "Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудыӊ аясында енгізілген болатын. Халықаралық тәжірибеде сертификатты (немесе лицензияны) алу практикалық жұмысқа рұқсат алудыӊ міндетті шарты болып табылады, ал мамандардыӊ білімі мен дағдыларын бағалауды тәуелсіз ұйым ақылы түрде жүзеге асырады. Қазақстандық дәрігерлер өз кәсіби жарамдылықтарын әрбір 5 жыл сайын растап отырады. Емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда оларға сертификат беріледі. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап медициналық қызметкерлердіӊ білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау қызметініӊ бағасы 2950 теӊге көлемінде бекітілген. Бұл аталған процедураларды ұйымдастырудыӊ өз бағасынан аспайды.

Санатты бере отырып біліктілік сәйкестігін растау 5 жылда бір рет өткізілетін, ерікті процедура болып табылады. Санатты беру еӊбекақыға үстемақы жасауды қарастырады. Аталған процедураныӊ бағасы 13 598-ден 24 285 теӊгеге дейін болады. Қызметтіӊ тарифі өзіндік құнынан аспайды, оныӊ құрамына техникалық қолдау, жоғарғы білікті тәуелсіз экзаменаторларды, стандартталған пациенттерді, аймақтық сарапшыларды шақыру, сонымен бірге, емтихан кезіндегі шығын материалдары кіреді.

Тәуелсіз бағалауды өткізудіӊ ережелері мен тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрініӊ 2015 жылғы 28 мамырдағы №404 бұйрығымен бекітілген. Аталған құжатқа сәйкес, білім мен дағдыларды бағалау процедурасынан өту жұмыс берушініӊ қаржысына, маманныӊ өз қаражатына немесе заӊмен шектелмейтін өзге де қаржы көздері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылы ДСДРО медициналық қызметкерлердіӊ білімі мен дағдыларын бағалау саласында ұлттық аккредитациядан өтіп, аталған қызмет түрін көрсетуге құқылы болды. Өткен жылдыӊ 4 тоқсанында бағалау шаралары Дүниежүзілік банк жобасыныӊ аясында тегін өткізілген болатын. Аталған жобаныӊ аяқталуына байланысты бұл процедураны аккредиттелген ұйым ақылы негізде жүргізеді.

Бағалаудыӊ бірінші кезеӊі компьютерліӊ тестілеу түрінде өтеді, екіншісі - пациенттердіӊ әртүрлі патологиялық жағдайларды сипаттайтын роботталған манекен көмегімен өткізіледі.

Білім мен дағдыларды бағалау процедурасы медициналық қызметтердіӊ сапасын арттыру мен пациенттердіӊ қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілген.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны