03.04.2018, 14:55 4742

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. Құжаттар 2018 жылдыӊ 1 тамызына дейін қабылданады

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. Құжаттар 2018 жылдыӊ 1 тамызына дейін қабылданады.

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еӊбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсынылады.

Байқау - эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы, әдебиет, театр және кино, журналистика және қоғамдық қызмет, спорт, дизайн және бейнелеу өнері, ғылым номинациялары бойынша өтеді.

Халықаралық және республикалық конкурстардыӊ, фестивальдар мен түрлі шаралардыӊ лауреаттары, республикалық және халықаралық деӊгейлердегі спорттық жарыстардыӊ жүлдегерлері мен жеӊімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасыныӊ 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.

"Дарын" жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заӊды тұлғалардыӊ өкілдері жүргiзедi.

Барлық жеӊімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен "2017 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығыныӊ лауреаты" атағы беріледі, және олар дипломмен, төсбелгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Толық ақпаратты ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ ресми сайтынан алуға болады.

Естеріӊізге сала кетейік, "Дарын" жастар сыйлығы Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен 1992 жылы тағайындалған болатын. Ир жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк, "Муз АРТ" тобы, Қалқаман Сарин және басқада азаматтар аталған сыйлықты иеленген болатын. 2017 жылдан бастап Қазақстан

Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ бастамасы бойынша "Дарын" сыйлығы жыл сайын табысталуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны