19.01.2010, 14:04 6334

"Дарьял-У" радиолокациялық станциясындағы улы конденсаторлар Германияға көктемге дейін әкетіледі - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

"Дарьял-У" радиолокациялық станциясындағы улы конденсаторлар Германияға көктемге дейін әкетіледі - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Балхаш маңындағы "Дарьял-У" радиолокациялық станциясындағы улы конденсаторлар Германияға көктемге дейін әкетіледі. Бұл туралы бүгін іліміздің қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Мәжит Тұрмағамбетов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ол станцияға қатысты берген түсініктемесінде: "аса қатерлі заттар Базель конвенциясы аясында тасымалдануға тиіс. Біз осы жөнінде Германия, Польша, Беларусь және Ресеймен келісуге тиіспіз. Бұл ұзақ уақыт алатын мәселе. Бүгінгі жағдаймен үш ел қол қойды, ендігі кезек Беларуське келіп тұр. Меніңше, біз көктемге дейін үлгеруге тиіспіз", - деді М. Тұрмағамбетов.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда қалдықтарды өңдейтін зауыт салу жоспарланып отырғанын еске салды. "Бұл - аса қымбат зауыт, бірақ ол - қажет. Біздің елімізде Ақмола және Қостанай облыстарында екі полигон ғана бар. Қазір осы себепті бізде проблема көбейді. Экологиялық кодекске сәйкес оларды көмуге болмайды, олар кәсіпорында жойылуға тиіс. Ал қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр, немістер зауыт сатып алуды ұсынуда. Бірақ біз бағасына келісе алмай отырмыз. Оның бағасы шамамен 100 млн евро", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны