20.02.2015, 21:57 3790

ДДҰ сарапшылары: Қазақстанда туберкулезге шалдығушылық оқиғаларын тіркейтін ақпараттық жүйе - шынайы және сапалы

2015 жылғы ақпанныӊ 17-19 күндері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бастамасымен Қазақстандағы туберкулезге қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) сарапшылары елімізде болды

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы ақпанныӊ 17-19 күндері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бастамасымен Қазақстандағы туберкулезге қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) сарапшылары елімізде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ДДҰ сарапшылары тобыныӊ құрамында ДДҰ штаб-пәтеріндегі туберкулез жөніндегі Ғаламдық бағдарламасыныӊ туберкулезге мониторинг жасау және бағалау бөлімініӊ бас эпидемиологы Филипп Глазью, ДДҰ Еуропалық өӊірлік бюросыныӊ туберкулезге көпреттік және кеӊ дәрілік төзімділік жөніндегі бағдарламасыныӊ эпидемологиялық қадағалау бойынша үйлестірушісі Андрей Даду болды.

Сапар барысында Қазақстандағы туберкулезді анықтау, диагностикалау және тіркеу әдістерініӊ қолжетімділігі мен сапасына бағалау жүргізілді. Сарапшылар Астанадағы емханаларды және туберкулезге қарсы диспансерді аралап көрді.

Сапар қорытындысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековамен кездесу болды. Кездесу барысында Филипп Глазью еліміздегі туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралардыӊ тиімділігін атап көрсетті. "Қазақстанда туберкулезбен күреске мемлекет тарапынан үлкен назар аударылады. Халықаралық стандарттарға сай ауруды тез диагностикалау мен емдеудіӊ инновациялық әдістері енгізілген. Еӊ бастысы, бұл көмек түрі әрбір азаматқа қолжетімді",-деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанда бұл салада қадағалау жүйесі жақсы жолға қойылғаны және медициналық-санитариялық алғашқы көмек деӊгейінде туберкулезге шалдығу оқиғаларын анықтау жұмыстары белсенді жүргізілетіні атап көрсетілді.

ДДҰ сарапшылары туберкулез оқиғаларын тіркейтін және есептейтін ақпараттық жүйеге "шынайы және сапалы" деген баға берді. Халықаралық сарапшылар еліміздегі туберкулезде туберкулезге шалдығушылық және одан болатын өлім-жітім бойынша статистикалық көрсеткіштердіӊ дұрыстығын алдын ала растады.

Аурумен күресте әрі қарайғы шараларды жетілдіру жөнінде кеӊестер айтылды. ДДҰ сарапшыларыныӊ келесі сапары ағымдағы жылдыӊ маусым айына жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді жоспар қабалданып, оны ДДҰ Еуропалық бюросы мақұлдады. Жалпы, соӊғы 10 жылда елімізде туберкулезбен сырқаттанушылық 2 есеге, одан болатын өлім-жітім көрсеткіштері 73% азайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны