02.08.2018, 12:00 5502

"Дебют" шығармашылық бірлестігі 2017 жылы түсірген қысқаметражды фильмдердіӊ арнайы көрсетілімін өткізді

Көрсетілім аясында 2017 жылдыӊ соӊында өндіріске жіберілген фильмдер, олардыӊ қатарында: "Асан" (режиссері Берік Жаханов), "Шырғалаӊ" /"Жұт" (режиссері Жандос Еспенбетов), "Соӊғы мұғалім" / "Терпимость" (реж. Ален Рахметалиев), "Өзгеріс" / "Тюбетейка" (реж. Арман Баймұратов), "Тығылмақ" (реж. Венера Кайыржанова) картиналары көрсетілді.

Алматы. 2 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ныӊ "Дебют" шығармашылық бірлестігі 2017 жылы түсірген қысқаметражды фильмдердіӊ арнайы көрсетілімі Алматы қаласындағы "Арман" кинотеатрында өтті. Сондай-ақ мәдени іс-шара барысында сценарийлер байқауыныӊ биылғы жеӊімпаздар тізімі жарияланды.

Көрсетілім аясында 2017 жылдыӊ соӊында өндіріске жіберілген фильмдер, олардыӊ қатарында: "Асан" (режиссері Берік Жаханов), "Шырғалаӊ" /"Жұт" (режиссері Жандос Еспенбетов), "Соӊғы мұғалім" / "Терпимость" (реж. Ален Рахметалиев), "Өзгеріс" / "Тюбетейка" (реж. Арман Баймұратов), "Тығылмақ" (реж. Венера Кайыржанова) картиналары көрсетілді.

Көрсетілімнен кейін фильмдердіӊ режиссерлері, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ы "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігініӊ жетекшісі Анар Қашағанова мен аталған бірлестіктіӊ көркемдік жетекшісі Дәрежан Өмірбаевтыӊ қатысуымен баспасөз отырысы өтті.

Баспасөз конференциясы барысында бірлестіктіӊ жетекшісі Анар Қашағанова бұл көрсетілімніӊ басты мақсаты - жас режиссерлердіӊ жұмыстарын қолдау әрі ынталандыру, өскелеӊ кинематографистердіӊ дебюттік фильмдеріне қызығушылық арттыру екенін айтты.

"Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі жыл сайын отандық кинематографты бірқатар жаӊа есімдермен толықтырып отырады. Біздіӊ бірлестікте түсірілген қысқаметражды фильмдер халықаралық кинофестивальдерде лайықты бағасын алып, марапаттарға қол жеткізіп жатыр. Мысалы "Асан" және "Тығылмақ" фильмдері мамырдыӊ 8-і мен 19-ы аралығында Францияда өткен Халықаралық Канн кинофестивалініӊ Short Film Corner бағдарламасы аясында көрсетілді. "Тығылмақ" фильмі жақында ғана өткен "Еуразия" және "Ертіс синема" кинофестивальдерінде де бақ сынады", - деді Анар Қашағанова.

"Жұт" фильмініӊ сценарий авторыныӊ айтуынша, бұл фильм 30-шы жылдардағы ашаршылық дәуіріндегі еліміздіӊ үлкен тарихын бір отбасыныӊ кішкентай тағдырымен байланыстыра баяндайды. Фильмге сценарий авторыныӊ өз әкесініӊ басынан өткен жағдай арқау болған.

Режиссер Берік Жахановтыӊ "Асан" картинасы әкесін көптен бері көрмеген, алайда қазасына жолға шыққан жігіт туралы сөз етеді.

Естеріӊізге сала кетейік, "Асан" фильмі биыл 71-ші Канн Халықаралық кинофестивалі аясында өтетін, әлемніӊ түкпір-түкпірінен жиналған қысқаметрлі фильмдерге арналған Short Film Corner бағдарламасында көрсетілген. Қазір "Асан" фильмі Қазанда өтетін жастар киносы кинофестиваліне қатысуда. Ол 2018 жылдыӊ қыркүйектіӊ 4 мен 6 аралығында өтетін Х Халықаралық Қазан кинофестивалініӊ конкурстық бағдарламасына еніп отыр. Аталған жастар киносы фестивалі халықаралық статусы бар Қазан мұсылман киносы кинофестивалі аясында өтеді. Онда көркем, деректі және анимациялық фильмдер бақ сынайды.

Ал режиссер Венера Қайыржанова түсірген "Тығылмақ" фильмі ересектер проблемасына куә болған екі кішкентай қыз туралы баяндайды. Олар сол жағдайдан қашып, өз балалар әлеміне жасырынамыз деп, көшеде "тығылмақ" ойнайды.

Бұл туынды Санкт-Петербор қаласында өткен V халықаралық "Inтоннация" дыбыс режиссерлерге арналған кинофестивальде Григорий Франк атындағы арнайы жүлдемен марапатталды (фильмніӊ дыбыс режиссері Қойшын Қанай).

Сондай-ақ, ХІV халықаралық "Еуразия" кинофестивалініӊ конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларына Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жолдаған 10 фильмніӊ ішінде киностудия атынан толық метражды "Иміре" (Джефф Веспа) мен қысқа метражды "Тығылмақ" (Венера Қайыржанова) бақ сынаған.

Бұған қоса мамырдыӊ 8-і мен 19-ы аралығында Францияда өткен Халықаралық Канн кинофестивалініӊ Short Film Corner бағдарламасы аясында көрсетілді.

Илемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалініӊ кәсіби бөлімі - Short Film Corner бағдарламасы аясында отандық екі кинотуынды - "Тығылмақ" және "Асан" атты фильмдер көрсетілгенін еске сала кетейік. Аталған бағдарламаныӊ басты мақсаты - кино әліміндегі кәсіби киногерлердіӊ басын қосып, жас режиссерлер мен продюсерлер, сондай-ақ әлемніӊ түкпір-түкпірінен жиналған дистрибьюторлар арасында байланыс орнату. Осы бағдарлама аясында көрсетілген фильмдер халықаралық кинофестивальдерге жолдама алып, халықаралық серіктестер және дистрибьютор табуға мүмкіндіктері бар.

Биыл Short Film Corner бағдарламасына қатысуға көптеген елдіӊ режиссерлері атынан 2000-нан астам тапсырыс келіп түскен. Жыл сайын ұлғаятын бұл көрсеткіш қысқа метрлі фильмдерге деген қызығушылықтыӊ артып келе жатқанын көрсетеді.

"Тығылмақ" және "Асан" фильмдері былтыр "Қазақфильм" киностудиясындағы "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі ұйымдастырған сценарийлер конкурсында жеӊіске жетіп, өндіріске жіберілген болатын. Барлығы 10 фильм түсірілген.

Анар Қашағанованыӊ айтуынша, 2017 жылы қысқа метрлі фильмдердіӊ бюджеті 10 млн теӊгеге дейінгі соманы құраған.

Айта кетелік, "Қазақфильм" киностудиясы биыл да сценарийлер байқауын жариялаған болатын. Байқауға 80-нен астам жұмыстар түсіп, оныӊ 10-ын іріктеу комиссиясы таӊдап алған. Нәтижесінде Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ы "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі төменде көрсетілген он қысқаметражды фильмдердіӊ авторларымен өндіріс бойынша келісім жасасты:

"Статусы: бос емес" (реж. Мәди Балжанов), "Жұлдыздар" (реж. Бексултан Инуаров), "Пайдасыз жаратылыстар" (реж. Жәнібек Мұртазин), "Домбыра" (реж. Рамазан Халиолла), "Жюль Верн туралы емес" ("Сары көйлек", реж. Талғат Ибішев), "Муза" (реж. Арман Қайыржан), "Қос ағаш" (реж. Рахымжан Қалдыгөз), "Тиын" (реж. Мұрат Есжан), "Тамыз" (реж.Жандос Кұсайынов) және "Тыныштық әні" (реж.Бағлан Кұдайберлиев).

Іріктеуден өткен сценарийлердіӊ аннотациялары:

"Пайдасыз жаратылыстар"

Сценарий авторлары: Жәнібек Мұртазин, Бауыржан Молдашбаев.

Режиссері: Жәнібек Мұртазин

Жаӊа фильм түсіруге бел буған екі ер адам туралы баяндайды.

"Жұлдыздар"

Сценарий авторы: Асқар Абдоллаев

Режиссері: Бексұлтан Инуаров

Түн жамылғанда кішкентай қыз ағып бара жатқан жұлдыздарға қарап армандайды.

"Тамыз"

Сценарий авторы және режиссері: Жандос Кұсайынов

Фильм посткеӊестік кезеӊде облыс қалаларыныӊ бірінде тұратын бала туралы. Ол басына түскен қиындықтарды шешуге бел буады.

"Статусы: бос емес"

Сценарий авторы және режиссері: Мәди Балжанов

Сүйген қызыныӊ жүріс-тұрысын үнемі қадағалайтын ер жігіт туралы фильм.

"Домбыра"

Сценарий авторы: Рамазан Халиолла, Жанат Жайлыбай

Режиссері: Рамазан Халиолла

Фильмде 8 жастағы Ахмет есімді баланыӊ өмірі баяндалады. Домбыраныӊ құлағында ойнайтын ол Ийгерімніӊ сұлулығына тамсанып жүріп, аспабын жоғалтып алады.

"Қос ағаш"

Сценарий авторы: Шыӊғыс Маманов

Режиссері: Рахымжан Қалдыгөз

Жол апатынан зардап шеккен отбасы туралы фильм.

"Жюль Верн туралы емес" ("Сары көйлек")

Сценарий авторы: Иділ Нұрмұхамбетов

Режиссері: Талғат Ибішев

Анасымен ауылына оралған бала досын іздеп ауылды аралайды. Бірақ бұл кездесу ол ойлағандай бола ма?

"Тыныштық әні"

Сценарий авторы және режиссері: Бағлан Кұдайберлиев

Қазақ КСР-ніӊ орталығы, 1940 жыл. Екі ер адам далада жалғыз тұрған қазақ үйге келіп, бастықтарыныӊ тапсырмасын орындамақшы.

"Тиын"

Сценарий авторы және режиссері: Мұрат Есжан

Қайтыс болған әкесін қайтарып алмақ болған бес жастағы бала туралы оқиға.

"Муза"

Сценарий авторы және режиссері: Қайыржан Арман

Фильмде ішімдікке салынып, жұмысынан айырылған Сәкен есімді композитордыӊ тағдыры баяндалады. Бір күні ол сүйіктісін кездестіреді. Алайда оныӊ өмірі өзгере ме?

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны