18.05.2015, 12:00 3780

Демалыс күндері Астанада 10 мыӊ м3 астам жаӊбыр суы сорылды

Өткен демалыс күндері елордада жауын-шашынныӊ бір айлық мөлшері жауды. Соныӊ нәтижесінде қаладағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелді. Елорданыӊ коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері елордада жауын-шашынныӊ бір айлық мөлшері жауды. Соныӊ нәтижесінде қаладағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелді. Елорданыӊ коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ хабарлауынша, екі күнніӊ ішінде (16-17 мамыр) қалалық коммуналдық қызметтердіӊ күшімен 10 мыӊ м3 жаӊбыр суы сорылды. 17 мамыр күні "Алматы" ауданында 4242 м3, "Сарыарқа" ауданында 2989 м3, "Есіл" ауданында 1177 м3 жаӊбыр суы сорылды. Бүгін 80 жуық мамандандырылған техника тиісті жұмыстарды жүргізуге тартылды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қазгидрометтіӊ хабарлауынша, жауынды ауа-райы үш күн бойы сақталмақ. Атап айтсақ, 18 мамырда жаӊбыр жауып, оӊтүстік батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12ИС, күндіз +18+20ИС құрайды.

Сонымен қатар, синоптиктердіӊ болжамынша, мамыр айыныӊ 19-20 жұлдыздарында да күн жауын-шашынды болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны