11.12.2015, 21:13 4477

Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы сәл төмендейді

Қазақстанда циклонды антициклон алмастырады, алайда қатты аяз болмайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК 12-14 желтоқсанға жасаған ауа райы болжамында

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда циклонды антициклон алмастырады, алайда қатты аяз болмайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК 12-14 желтоқсанға жасаған ауа райы болжамында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атлантикалық циклондар Ресейдіӊ Еуропалық бөлігі мен Батыс Сібір арқылы бір-бірін алмастырып жатыр. Осылайша арктикалық массалардыӊ Ресейге ғана емес, сонымен бірге Қазақстан аумағына өтуіне кедергі келтіріп отыр. Сөйтіп, өткен тәйлікте ауа температурасы республикада нормадан 1-5ә жоғары, солтүстік және шығыс облыстарында 6-13ә жоғары болды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына Шығыс Еуропадан келген антициклон әсер етеді. Сондықтан республиканыӊ басым облыстарында сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс аудандарында кей жерлерде аздап қар жауады. Ауа температурасы төмендейді, алайда климаттық нормадан 2-5ә жоғары болып қалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны