18.09.2015, 15:53 4698

Демалыс күндері Қазақстанныӊ солтүстігінде қар жауады

Қазақстанныӊ солтүстігінде демалыс күндері жауын-шашын болып, екпінді жел тұрып, тұман түсіп, жылы күндер нағыз күзгі қоӊыр-салқын ауа райына ауысады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК

Астана. 18 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ солтүстігінде демалыс күндері жауын-шашын болып, екпінді жел тұрып, тұман түсіп, жылы күндер нағыз күзгі қоӊыр-салқын ауа райына ауысады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Солтүстік облыстарда дүйсенбі күні түнде жаӊбырдыӊ арты қарға ұласуы мүмкін. Мұндай ауа райы Солтүстік Уралда (РФ) қалыптасқан және Қазақстанға оӊтүстік-шығыс бағыттан ойысқан суық арктикалық ағындарға байланысты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Республиканыӊ батыс облыстарында елдіӊ қалған аумақтарымен салыстырғанда ауа райы жылы болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны