22.01.2016, 16:51 5236

Демалыс күндері республиканыӊ басым бөлігінде аяз сақталады

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 23-25 қаӊтар күндері республиканыӊ басым бөлігінде аяз сақталады

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 23-25 қаӊтар күндері республиканыӊ басым бөлігінде аяз сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сібір антициклоныныӊ сілемдері демалыс күндері Қазақстанныӊ барлық дерлік аумағында ауа райын анықтайтын болады. Сондықтан, көптеген облыстарда жауын-шашын күтілмейді, ал аяз сақталады. Дүйсенбі күні антициклон шығысқа қарай жылжи бастайды, Қазақстанға Иран аудандарынан ауа келіп түсетін болады, температура көтеріледі. Тек батыс облыстарда қар, бұрқасын және температураныӊ төмендеуі күтіледі", - деп жазылған хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны