09.10.2017, 13:29 4687

"Демалыс"-"AstanaLeisure2017" 14-ші Қазақстандық халықаралық туристік көрмесінде Қызылорда облысыныӊ туристік әлеуеті таныстырылды

Көрмеде Қызылорда облысыныӊ туристік әлеуеті бейнеленді. "Байқоӊыр" ғарыш айлағы, Қорқыт Ата мемориалды кешені, Арал теӊізі, Қамыстыбас көлі, Жаӊақорған ауданыныӊ тау жоталары жайлы толыққанды мәлімет берілді.

Қызылорда. 9 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласында "Демалыс"-"AstanaLeisure2017" 14-ші Қазақстандық халықаралық туристік көрмесі ашылды. Осы жылы көрмені әлемніӊ 22 елінен келетін 1500 шетелдік тамашалайды.

Көрмеге әлемніӊ 11 елінен 100 компания қатысуда. Атап айтсақ, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Египет, Қазақстан, Оӊтүстік Корея, Ресей, Словения, Таиланд және Украинадан келген туристік бизнестіӊ кәсіби мамандары салалық бағыттар мен 2017 жылдыӊ күзгі-қысқы маусымыныӊ жаӊалықтарын ұсынды. Сонымен қатар, осы жылғы көрмеге "KazakhTourism" АҚ Ұлттық компаниясы қатысқанын ерекше атап өткен жөн.

Көрмеде Қызылорда облысыныӊ туристік әлеуеті бейнеленді. "Байқоӊыр" ғарыш айлағы, Қорқыт Ата мемориалды кешені, Арал теӊізі, Қамыстыбас көлі, Жаӊақорған ауданыныӊ тау жоталары жайлы толыққанды мәлімет берілді.

Сонымен қатар, басқа да өӊірлердіӊ туристік операторларымен іскерлік қарым қатыстар орнатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны