16.08.2006, 16:37 2841

Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия судьяларға берілетін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын қарайды

АСТАНА. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның әділеттілік және құқық қорғау органдары жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы мемлекеттік комиссияның кезекті отырысына Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметкерлері мен судьяларға берілетін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы мен "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" конституциялық заңның жобасын енгізуді ұсынады. Жұмыс тобының бүгін өткен отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырыс барысында жұмыс тобының мүшесі, ҚР Жоғарғы сотының судьясы Жолымбет Байышев "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" конституциялық заңның жобасынан судьялардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ, мүлкін мемлекет тарапынан сақтандыру туралы ұсынысты алып тастауды ұсынды. "Мемлекеттік міндетті сақтандыру бюджеттен ауқымды шығын шығаруды талап етеді",- деді ол. "Конституциялық заңның жобасында міндетті мемлекеттік сақтандыруды егер жұмыс барысында судьяға қатысты сақтандыру жағдайы туындаған күнде сақтандыру төлемдерін беру жөніндегі баппен алмастыру ұсынылады. Бұл бюджеттен ауқымды қаржы бөлуді талап етпеумен бірге судьяларды әлеуметтік тұрғыда қорғауға мүмкіндік береді",- деді Ж.Байышев.

Сонымен бірге ол жұмыс тобының мүшелерін "судьяларды тұрақты тағайындамау мүмкіндігіне қызығудан" сақтандырды. "Илемдік тәжірибе дәлелдегендей, судьяның тәуелсіздігі мен оның обьективті әділеттілік орнату мүмкіндігіне оның тұрақты тағайындалуы немесе тұрақты сайлануы басты кепілдік болмақ",- деді Ж.Байышев. Оның айтуынша, қата сайлануы немесе қайта тағайындалуы мүмкін судья "тәуелсіздік, обьективтілік, бұра тартпаушылық сынды қасиеттерінен айрылып қалады. Өйткені, оны қайта тағайындаумен шұғылданатын органдар оған көп жағдайда қандайбір ықпал жүргізіп әсер ете алады".

Жұмыс тобының барлық ұсыныстары мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны