15.01.2018, 15:12 4699

Демократиялық күштердіӊ "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясыныӊ кезекті отырысы өтті

Отырысты ашқан "НұрОтан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары жаӊа Жолдаудыӊ Қазақстанныӊ жүйелі жаӊғырудағы 10 басым бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат екенін айтты.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - "НұрОтан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасыныӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауына қолдау білдіру мақсатында Демократиялық күштердіӊ "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясыныӊ кезекті отырысын өткізді.

Отырысты ашқан "НұрОтан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары жаӊа Жолдаудыӊ Қазақстанныӊ жүйелі жаӊғырудағы 10 басым бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат екенін айтты.

Қазақстандық индустрияны, агроөнеркәсіптік кешенді және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды цифрландыру, тұрғын-үйқұрылысы мен коммуналдық секторға жаӊа технологияларды енгізу Елбасы ұсынған елді дамытудыӊ негізгі векторы болып табылады. Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткендей, мұныӊ барлығы Қазақстанныӊ жаӊа әлемдегі жетекші елдердіӊ қатарына қосылуы үшін қажет.

"НұрОтан" партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарыныӊ айтуынша, Президент дәстүрге сай биыл да әлеуметтік даму мәселелеріне зор көӊіл бөліп, адам капиталын қазақстандық жаӊғырудыӊ жүйелі үштағаныныӊ негізі ретінде белгіледі.

- Елбасымыздыӊ Жолдауында елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаӊғыртудыӊ 10 басым бағыты айқын белгіленген. Біздіӊ ендігі міндетіміз - әрбір қазақстандықтыӊ өмірі, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қамқорлығынан тұратын Жолдаудыӊ мазмұнын барша халыққа жеткізу, - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Демократиялық күштердіӊ "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясыныӊ отырысына елдегі жетекші партиялардыӊ басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердіӊ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Коалиция мүшелері Мемлекет басшысыныӊ жаӊа Жолдауына байланысты өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

Нәтижесінде Жолдауға қолдау білдірген, еліміздіӊ барша азаматтарын жылдыӊ басты құжатын талқылау және түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырған Үндеу қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны