13.09.2017, 17:25 4324

Демократиялық күштердіӊ "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясыныӊ мүшелері қазақ тілін латын қарпіне көшіру бойынша үндеу жариялады

Ағылшын әліпбиініӊ негізінде латын қарпіне көшу қазақ тілініӊ жаӊа эволюциялық кезеӊі болып табылады. Латынға көшу арқылы біз ұлтымыздыӊ әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын үш мәселені шешеміз.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Демократиялық күштердіӊ "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясыныӊ мүшелері қазақ тілін латын қарпіне көшіру бойынша үндеу жариялады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Үндеу мәтінінде былай делінген:

"Біз, Демократиялық күштердіӊ "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясыныӊ мүшелері, еліміздіӊ жетекші саяси партияларыныӊ, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ, ірі қоғамдық бірлестіктердіӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, барлық әлеуметтік топтар мен аймақтардыӊ мүддесін білдіретін өкілдері:

тәуелсіз Қазақстанныӊ мықты, жетістікті және әлемніӊ барлық елдеріне сыйлы мемлекет болып қалыптасуындағы еліміздіӊ Тұӊғыш Президентініӊ үздік көшбасшылығы мен тарихи рөлін жоғары бағалай отырып;

еліміздіӊ саяси, экономикалық және әлеуметтік саласыныӊ одан әрі жаӊғыруындағы Елбасыныӊ Мемлекеттік ұстанымын толық қолдай отырып;

үшінші жаӊғырудыӊ ұлттық жобалары мен тарихи оқиғалары - ЭКСПО Астана-2017 халықаралық көрмесі, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммиті, Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ (ИЫҰ) ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитініӊ теӊдессіз табыстары мен жоғары жасампаздық рухын құптай отырып;

мемлекет пен оныӊ экономикасын толық көлемде жаӊғырту және "Қазақстан-2050" стратегиясыныӊ мақсаттарына жету үшін қоғамдық сананы озық үлгіде жаӊғырту қажеттілігі туралы Елбасыныӊ позициясын тұтас қолдай отырып;

Қазақстандық ұлтты рухани жаӊғырту негізінде қазақ тілін латын қарпіне көшіру жөніндегі Қазақстан Президенті бастамасыныӊ айрықша маӊыздылығын есепке ала отырып;

Қазақстан азаматтарыныӊ және келешек ұрпақтыӊ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып;

Қазақстанныӊ барлық азаматтарын Елбасыныӊ қазақ тілін латын қарпіне көшіру жөніндегі бастамасын талқылауға белсенді қатысуға және қолдауға шақырамыз.

Елбасы ұсынып отырған мемлекеттік тіл жазуыныӊ жаӊғыртылуында тереӊ тарихи логика бар.

Қазіргі уақытта мемлекеттер мен ұлттарға аса қатал талап қойылып отыр. Өз дәстүрі мен құндылықтарын, мәдениеті мен тілін жоғалтпай тұрақты жаӊаруға, жаӊғыруға, бәсекелік артықшылықтарын күшейтуге бағытталғандардыӊ ғана дербес болашағы бар.

Латын әліпбиі әлемде еӊ кеӊ таралған. Латын графикасы қазіргі заманғы технологиялық ортаныӊ, бағдарламалаудыӊ және инфокоммуникациялық технологиялардыӊ барлық тілдерініӊ символдық негізі болып табылады.

Қазіргі замандағы әлемде инновациялардыӊ, ғылыми жаӊалықтар мен білім беру әдебиетініӊ басым көпшілігі ағылшын тілінде жарияланады.

Ағылшын әліпбиініӊ негізінде латын қарпіне көшу қазақ тілініӊ жаӊа эволюциялық кезеӊі болып табылады. Латынға көшу арқылы біз ұлтымыздыӊ әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын үш мәселені шешеміз. Біріншіден, ағылшын алфавитініӊ негізіндегі жаӊа қаріп жүйесі жастарымыздыӊ да жасамыстарымыздыӊ да ағылшын тілін меӊгеруін жеӊілдетеді әрі жеделдетеді. Екіншіден, ағылшын алфавиті мен тілін үйрену арқылы ғылым-білімніӊ осы тілде жасалған мол қазынасын еркін игеруге жол ашады. Үшіншіден, жер жүзіне тарыдай шашылған бар қазақтыӊ басын қосады. Латын қарпіне көше отырып, қазіргі заманғы қазақ тілі бәсекеге қабілеттірек болады, өз дамуы мен танымалдылығында жаӊа импульс алады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, "латын қарпі бізге бүкіл әлем халықтарымен, әлемдік ғылым және білім берумен ашық қарым-қатынас жасау үшін керек".

Мемлекеттік тілдіӊ жаӊа әліпбиі қазақстандықтардыӊ нығаюы мен бірлігініӊ мықты құралы ретінде қызмет етуі тиіс. Латын жазуы - бұл Қазақстанныӊ дамыған демократиялық мемлекет болуы мен әлемніӊ еӊ дамыған 30 елініӊ қатарына қосылу ұмтылысындағы дербес өркениеттік таӊдауы.

Елбасымыз "латын қарпіне көшу орыс тілі мен кириллицадан бас тартуды білдірмейді. Біз барлық Қазақстан азаматтары тілдерініӊ үштұғырлығын қамтамасыз ете отырып, бірегей байлығымыз - билингвизмді ағылшын тілін меӊгерумен нығайтып, толықтыруымыз қажет" деп ерекше атап өтті.

Латын қарпіне көшу - біздіӊ еліміз үшін қағидалы мәселе және Қазақстанныӊ әрбір азаматыныӊ қатысуын талап етеді.

Біз Қазақстан Тәуелсіздік жылдары өткен бірегей тарихи жолы, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім, халықтыӊ рухани күші, оныӊ уақыт талаптарын қабылдап, тек алға жүру қабілеті біздіӊ мемлекетіміздіӊ жетістігініӊ айқындаушы факторы болған және болашақта болатынына нық сенеміз.

Демократиялық күштердіӊ "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясыныӊ мүшелері қазақстандықтардыӊ болашақ ұрпағы үшін Елбасыныӊ бастамасын қолдауға барша және әрбір азаматын шақырады.

"Нұр Отан" партиясы, "Ақ Жол" Демократиялық партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, "Бірлік" саяси партиясы, "Атамекен" Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі, "Республикалық әйелдер кеӊесі" қоғамдық бірлестігі, "Қазақстанныӊ азаматтық альянсы" заӊды тұлғалар бірлестігі, "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерініӊ ардагерлері" қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық инженерлік академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ғылымдар академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан кәсіпкерлері форумы" заӊды тұлғалар бірлестігі, "Қазақстанныӊ кәсіпкер әйелдері одағы" қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан Республикасыныӊ кәсіподақтар федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі, "G-Global Халықаралық хатшылығы" қауымдастығы" заӊды тұлғалар бірлестігі, "Жасыл" экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы" заӊды тұлғалар бірлестігі, "Қазақстан тұтынушыларыныӊ ұлттық лигасы" қоғамдық бірлестігі, "Қазақстанныӊ іскер әйелдер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан ардагерлері" Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымдарыныӊ қауымдастығы, "Қазақстан украиндарыныӊ радасы" қоғамдық бірлестігі, "Жаӊару" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы" республикалық қоғамдық бірлестігі, "Қазақстанныӊ дағдарыс орталықтары одағы" заӊды тұлғалар бірлестігі, "Қазақстан мүгедектер конфедерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Болашақ" Халықаралық стипендиясы стипендиаттарыныӊ қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы, "Жұлдыз" балалар қоғамдық ұйымдарыныӊ одағы" қоғамдық бірлестігі".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны