17.01.2019, 23:30 5796

Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шығарылды

Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, ал Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда бүгін Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шығарылды.

Алматыда өтіп жатқан Денис Тенніӊ өлімі бойынша бүгін айыптыларға сот үкімі шықты.

Судья Кеӊшілік Ибілдинов ҚР ҚК 188-бабыныӊ 2-бөлімініӊ 2 тармағы, ҚР ҚК 99-бабыныӊ 2-бөлімімен, 192-бабыныӊ 2-бөлімініӊ 1, 4-тармақтарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесініӊ қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге үкім етті.

Екінші күдікті Нұралы Қиясовты ҚР ҚК 99-бабыныӊ 2-бөлімімен, 192-бабыныӊ 2-бөлімімен айыпты деп табылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын қылмыстық атқару жүйесініӊ қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу туралы үкім шығарылды.

Сонымен қатар, ҚР ҚК 434-бабымен айыпталған Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесініӊ қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу туралы сот үкімі шығарылды. Сонымен қатар, сот Толыбаеваны ҚР ҚК 188-бабыныӊ 2-бөлімі бойынша ақтау туралы шешім шығарды.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерініӊ қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болған. Спортшы көлігініӊ айнасын ұрламақ болған екі адамныӊ үстінен түскен. Арада басталған жанжалдыӊ салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оӊ жақ саныныӊ жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

Бірақ Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері Тенніӊ өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен спортшыныӊ өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталып, қылмыстарын мойындады.

Денис Тен ісі бойынша прокурор екі сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Прокурордыӊ айтуынша, күндіз, халықтыӊ көзінше адам өлтіру қылмысына заӊ бойынша еӊ ауыр жаза қолданылуы керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны