12.07.2017, 15:55 3701

"Денсаулық" медициналық пойызы Қызылорда облысындағы Төретамға жетті

"Денсаулық" медициналық пойызы тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетумен қатар медициналық сақтандырудыӊ артықшылықтары мен оны енгізу сондай-ақ сақтандыру жарнасын төлеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын да жүргізді

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету мақсатында ел аралап жүрген "Денсаулық" медициналық пойызы Қызылорда облысындағы Төретамға жетті.

Шара барысында "Нұр Отан" партиясы Байқоӊыр филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Инуар Дәуленбаев медициналық пойыз ұжымына жергілікті тұрғындар атынан лебізін білдірді.

"Денсаулық" медициналық пойызы тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетумен қатар медициналық сақтандырудыӊ артықшылықтары мен оны енгізу сондай-ақ сақтандыру жарнасын төлеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын да жүргізді.

Халықпен кездесу барысында "Денсаулық" медициналық пойызыныӊ аға дәрігері Еркін Ескермесов МИМС жұмысыныӊ маӊызы, әлеуметтік топтар, төленетін жарналарға қатысты тұрғындар сауалдарына жауап берді.

-1 шілдеден бастап жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жарнасын төлей бастады. Биыл бұл жарнаныӊ көлемі төлемдерді аудару нысанынан 1% құрап отыр. Жаӊа заӊ аясында 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап мемлекет азаматтардыӊ 15 санаты үшін (оныӊ ішінде 12-сі халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал топтары) 3,75%, мөлшерде жарна белгілеуді ұсынып отыр. Ал жұмыс істейтін азаматтар жарналарды өздері төлеуі тиіс. Сондықтан қазірден бастап әрбір азамат медициналық мекемеге тіркеліп, өз мәртебесін анықтауы қажет,- деді ол.

Кездесу барысында тұрғындарға МИМС жүйесі туралы ақпараттық түсіндірмелік парақшалар таратылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны