05.10.2018, 17:29 7188

"Денсаулық" пойызы Маӊғыстау облысыныӊ 12 станциясы мен Атырау өӊірініӊ 5 станциясын аралады

Мамандар 379 мыӊнан астам қазақстандықтарды қарап, ем-дом жасаған, оныӊ ішінде 83806 балалар бар. Ал "дөӊгелек үстіндегі емхана" дәрігерлеріне қаралғандардыӊ жалпы саны 2,5 млн адамды құраған.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Шалғай елді мекендерді аралап, кәсіби білікті мамандармен халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуге биыл да жолға шыққан "Денсаулық" пойызыныӊ осы жолғы сапарына бір ай толды. Осы аралықта пойыз Маӊғыстау облысыныӊ 12 станциясы мен Атырау өӊірініӊ 5 станциясын аралап, барлығы 7 мыӊға жуық адамға қызмет көрсетті. Оныӊ ішінде 1300 бала бар.

"Самұрық-Қазына" АҚ атынан "Samruk-Kazyna Trust" АҚ әлеуметтік жобаларды дамыту қорыныӊ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, сонымен бірге "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Илеуметтік жобалар қоры" корпоративтік қорымен бірге жүзеге асырып жатқан жобасы аясында пойыз әлі екі ай рельс үстінде жүріп, халыққа қызмет көрсетеді. 6 қыркүйекте Маӊғыстау облысыныӊ Тұрыш станциясынан басталған пойыздыӊ медициналық қызметін Маӊғыстау және Атырау облыстары бойынша Атыраудағы теміржол ауруханасы мамандарынан құралған медициналық топ көрсетуде. Оған білікті бас дәрігер Илия Абдышева жетекшілік етуде.

- Аталған екі облыстан кейін пойыз Қызылорда облысына өтеді, сол кезде медициналық топ құрамы да өзгеріп, сол өӊірдіӊ дәрігерлері халыққа қызмет ететін болады. Маӊғыстау облысындағы сапарымыз 25 қыркүйекте Толтыр станциясында аяқталып, бұл өӊірде 5017 адамды қамтыдық. Тұрғындар көбіне УЗИ, рентген, кардиолог, көз дәрігері, терапевт, невропатолог, гинеколог, педиатр, лор мамандарыныӊ қызметіне жүгінді. Ал Атырау облысындағы жұмысымызды 26 қыркүйекте Мақат станциясынан бастадық. Мұнда әзірге 5 станцияны қамтып үлгердік. Жалпы осы өӊір бойынша соӊғы станциямыз Сағызда 13 қазанда біздіӊ топтыӊ қызметі аяқталады. Мақсатымыз - еліміздіӊ шалғай аймақтарында орналасқан тұрғындарға медицинаныӊ соӊғы жетістіктерін көрсетіп, диагнозы қиын науқастарға сапалы кеӊес беру. Мұнда мамандар таӊғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Ал түскі үзіліс 13.00-ден 14-00-ге дейін. Дәрігердіӊ тегін көмегіне жүгіну үшін жеке төлқұжатыӊыз болу керек. Мұндай пойыздыӊ бір тиімділігі сырқатты әрі-бері сабылтпай, бір жерден тексерістен өткізетіндігінде, - дейді бас дәрігер.

Атыраулық ультрадыбыс тексеру маманы Болат Қанатұлы: "Мен дәрігерлік салада елу жылдан бері жұмыс жасап келемін. Ультрадыбыстық тексеру саласы бойынша 2000-жылдан бастап жұмыс атқардым. Жалпы "УЗИ" құрылғысы адамныӊ ішкі органдарын, яғни бауыр, өт пен бүйрегініӊ жұмыс жасауымен қозғалысын және тазалығын анықтайды. Бауыр, бүйрек аурулары бастапқы кезде еш белгілерсіз өтеді. Бұл ауруларды дәрігерсіз анықтау қиын. Таӊертеӊнен бастап 60-қа жуық адам қаралып, қаралған тұрғындарға тиісті кеӊестер берілді. Олардыӊ көбісі - егде жастағы адамдар. Келген адамдардыӊ біразы бүйрек ауруымен шағымданды. Ирине бұл, біріншіден, ішіп отырған суымыз бен жасанды тамақ өнімін көп қолдануымыздан да болады. Сондықтан әрбір адам өзініӊ денсаулығына бей-жай қарамай, уақытылы тексерістен өтіп тұруы қажет", - деп пікір білдірді.

Мамандар пікірінен бөлек, олардыӊ көмегін алған халықтыӊ пойыз туралы бағасы да өте жоғары. Мәселен, Маӊғыстаудағы Ералы станциясыныӊ тұрғыны Айсұлу Сәбитова: "Ауыл тұрғындарына көмек көрсетіп қана қоймай, қамқорлық танытып отырған дәрігерлердіӊ қызметіне дән ризамын. Жасым 60-та. Емханаға барсам көп уақытым кезек күтумен өтетін. Ал мұнда кардиолог, терапевт және хирург дәрігерлерге бір жерден және тегін қаралдым. Облыстық ауруханаға жолдама алдым. Шалғай ауылдарда тұрсақ та, осындай "Денсаулық" медициналық пойызыныӊ көмегінен құр қалып жатқан жоқпыз. Өзіммен бірге немерелерімді де ала келіп, білікті дәрігерлерге көрсетіп жатырмын. Халық үшін арнайы көмекті жасап отырған алдымен Елбасымызға және ақ халатты абзал жандарға айтарым, бізге жасаған жақсылықтары өздеріне еселеп қайтсын", - деп аналық алғысын жеткізді.

Пойыздар заманауи диагностикалық жабдықтармен, соныӊ ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, кардиологиялық мониторлық жүйемен жабдықталған. Пойыз құрамындағы медициналық құрамда терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сынды білікті дәрігерлер бар. Маӊғыстаудан кейін бүгінде Атырау облысыныӊ халқына қызмет көрсетіп жүрген аталған пойыз алда Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарын да аралайды, жалпы алғанда биылдыққа 71 станцияға тоқтап, дәрігерлік көмек беруде. Аталған станциялар тұрғындарына жоғары кәсіби білікті мамандардан кіші хирургиялық ота, сапалы стоматологиялық ем-шаралар қызметтері көрсетілуде.

Жалпы мұндай медициналық пойыздар жобасы 2010 жылы бастау алған болатын. Осы аралықта консультативтік-диагностикалық пойыздар еліміздіӊ 1326 станциясына барып, тұрғындарды қабылдаған. Мамандар 379 мыӊнан астам қазақстандықтарды қарап, ем-дом жасаған, оныӊ ішінде 83806 балалар бар. Ал "дөӊгелек үстіндегі емхана" дәрігерлеріне қаралғандардыӊ жалпы саны 2,5 млн адамды құраған.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны