31.03.2010, 15:49 8719

Денсаулық сақтау басқармалары дәріні олардың нақты құнынан бірнеше есе қымбат бағаға сатып алған - СҚ "Фармация"

Денсаулық сақтау басқармалары дәріні олардың нақты құнынан бірнеше есе қымбат бағаға сатып алған - СҚ "Фармация"

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Өңірлік Денсаулық сақтау басқармалары дәрі-дәрмектерді олардың нақты құнынан бірнеше есе қымбат бағаға сатып алып отырған. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС бас директоры Вадим Зверьков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Елімізде мыңнан астам дәрілік заттар сатып алынады. Біз қазір шамамен 550 - 570 дәрілік заттармен жұмыс істеп жатырмыз. Қалғандары өңірлердің еншісінде", - деді В. Зверьков.

Осыған байланысты компания облыстық денсаулық сақтау департаменттері мен басқармалары дәрілік зататрды қандай бағаға сатып алатындығына талдау жасаған.

"Мәселен, "Кларитрамицин" таблеткасы. Біз оның бір таблеткасын 25,9 теңгеге сатып алдық, ал Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы былтыр бұл дәрінің бір данасын 359,2 теңгеге сатып алған. Бұл біздің бағадан 1350% қымбат", - деді В.Зверьков.

"Бұл бір ғана таблетка бойынша салыстымалы баға. Ал олар бүтін партиясымен сатып алынатынын ескерсек, жергілікті жерлерде қандай пайда болғаны түсінікті",- деді компания басшысы.

"Біз "Панкреатин" дәрісінің бір таблеткасын 2,4 теңгеге сатып алдық, ал Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір таблеткасын 6 теңгеден сатып алған", -деді ол.

Сондай-ақ, оның мәліметінше, ""Кетамин" дәрісі "Самұрық-Қазына Фармация" компаниясының баға тізбесіне сәйкес ауруханаларға бір ампуласына 45,87 теңгеден жеткізілсе, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы 2009 жылы бұл дәрінің бір ампуласын 309,7 теңгеге сатып алған, бұл - компания бағасынан 670% қымбат".

"Генцитабен" дәрісінің бір флаконын біз 23 мың 208 теңгеге сатып алдық, ал Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы - 54 мың теңгеге, яғни, екі есе қымбатқа сатып алған", - деді В. Зверьков.

"Барлық облыстарда осындай мысалдар жетіп артылады", - деді ол.

"Самұрық-Қазына Фармация" компаниясының басшылығы бұл талдаудың қорытындысын құқық қорғау органдарына тапсыра ма деген тілші сауалына компания басшысы : "Ирине, солай болатын шығар", деп жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны