02.05.2017, 12:46 5249

Денсаулық сақтау министрі Алматы облысыныӊ медицина қызметкерлерімен кездесті

Талдықорған қаласындағы №2 қалалық емханада болды. Мұнда ол электронды кезек жүзеге асырылған "Жетісу" медициналық ақпараттық жүйесімен танысты.

Талдықорған. 2 мамыр. Kazakhstan Today - 28 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет делегациясыныӊ құрамында Алматы облысына барған жұмыс сапары аясында бірқатар денсаулық сақтау объектілерінде болып, аймақтыӊ медицина қызметкерлері қауымымен кездесті.

Талдықорған қаласындағы №2 қалалық емханада болды. Мұнда ол электронды кезек жүзеге асырылған "Жетісу" медициналық ақпараттық жүйесімен танысты. Пациенттер онлайн режимінде жалпы практика дәрігерлері мен салалық мамандар қабылдауына жазыла алады, сондай-ақ электронды жүйеде дәрігерді үйге шақыртуға болады. Ақпараттық жүйе нақты уақыт аралығында онлайн режимде аймақтағы медицина ұйымдарында болып жатқан барлық процесстерді (қабылдауға келген әр науқас бойынша дәрігерлердіӊ жазбаларын, флюорографиядан өту, дәрі-дәрмек рецептілерін) қадағалай алады.

Сондай-ақ, министрге облыс аумағындағы қолданыстағы виртуалды Call-орталық бағдарламасы таныстырылды. Аталған бағдарлама анықтама қызметініӊ медициналық тіркелім жұмысын айтарлықтай жеӊілдетеді, учаскелік қызмет жұмысын жұмылдырады. Бағытты автоматтандырудыӊ арқасында ешқандай науқас қараусыз қалмайды, дәрігердіӊ қабылдау уақыты тезірек келеді, сырқат себебіне қарай диагностикаға, маман дәрігерлерге, қан талдауына, т.б. жіберілген науқастыӊ клиникадағы тексерілу бағыты да оӊтайландырылады.

Одан әрі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Талдықорғандағы қалалық көпсалалы ауруханада болды. Медицина қызметкерлерімен әӊгімеде министр медициналық жабдықтармен және қызметкерлер құрамымен қамтамасыз етілу мәселесін сұрастырды.

Қазіргі күні ауруханада 40 төсектік политравма және қалпына келтіру ортохирургиясы, 20 төсектік нейрохирургия бөлімшесі ашылды, сондай-ақ Травматология және токсикология орталығы құрылды. Политравма және қалпына келтіру ортохирургиясы бөлімшесінде түрлі жарақат кезінде жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған, мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Ірі буындарды ауыстыру, түтікшелі сүйектер сынған кезде азинвазивті экстра және интрамедуллярлы остеосинтез оталары жасалады.

Алматы облысы бойынша алғаш рет буындардыӊ түрлі сипаттағы жаралануы кезінде артроскопиялық оталар жасау жоспарлануда.

Ауруханада жарақат кезінде дәрігер келгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша орта медицина қызметкерлері, жедел жәрдем жүргізушілері үшін тұрақты түрде оқу курстары өткізіліп тұрады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі травматологиялық көмек қызметін дамыту жарақат салдарынан болатын мүгедектік деӊгейініӊ төмендеуіне, сондай-ақ бүгіндері өте жиі кездесетін жол-көлік апатынан зардап шеккендерге уақытылы медициналық көмек көрсету жарақат салдарынан қайтыс болу (өлім) көрсеткіштерініӊ айтарлықтай азаюына мүмкіндік беретіндігіне назар аудартты.

Елжан Біртанов бірқатар денсаулық сақтау объектілерінде (мемлекеттік және жеке секторларында) болып, аймақтыӊ медицина қызметкерлері қауымымен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Жолдауындағы денсаулық сақтау көрсеткіштерін жақсартудыӊ жүйелі шаралары жөніндегі негізгі ережелерді жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, Министр Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МИМС) жүйесініӊ басты артықшылықтарын түсіндірді.

МИМС басымдықтары туралы айта келе, Е.Біртанов медицина дамуыныӊ әлемдік үрдісі денсаулықты қорғауда мемлекет, азамат және жұмыс берушініӊ ортақ жауапкершілігіне көшумен байланысты екендігін атап өтті. 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан Қазақстанныӊ әрбір азаматы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмек алатындығын ескертті. 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен-ақ төлеушілердіӊ жекелеген санаттары, ол дегеніміз жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы аударымдар мен жарналарын аудара бастайды.

Өз кезегінде, медицина қызметкерлері қауымы денсаулық сақтау саласын жұмылдыру жөніндегі барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

Денсаулық сақтау жүйесініӊ қолданыстағы бюджеттік үлгісіне қарағанда, МИМС жүйесі халық денсаулығын қорғау саласында мемлекет, жұмыс беруші және әр адамныӊ өзі тарапынан ортақ жауапкершілік қарастырылған. Медициналық сақтандыру жүйесініӊ негізінде үш базалық қағидат жатыр - әлеуметтік бағыт, барлық азаматтар үшін міндеттілік және табыстары мен жарналарына қарамастан сақтандыру аясындағы медициналық қызмет пакетіне бірдей қолжетімділік. МИМС жүйесі мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар арасында бәсекелестікті дамытады, өйткені Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсететін медициналық қызметті сатып алады. Жалпы, МИМС тұрғындар сұранысына жауап беретін денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру үшін қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге медициналық көмек көрсеткені үшін ресми емес және жеке ақы төлеу үлесін азайтады.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне денсаулық сақтау жүйесініӊ мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасына сәйкес медициналық сақтандыру бөлігінде төмендегідей жарналар және аударымдар мөлшерлемелері ұсынылуда:

- жұмыс берушілердіӊ жарналары: 2017 жылдыӊ шілдесінен бастап мөлшерлеме - 1 %; 2018 жылы - 1,5%, 2020 жылы - 2%, 2022 жылы - 3%;

- жұмыскерлер жарналары: 2019 жылдан - 1%, 2020 жылдан - 2% ;

- жеке кәсіпкерлер, нотариустар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар - кірістен, 2017 жылғы шілдеден бастап 2 ЕТЖ-дан 5% кем емес;

- жұмыс күші тобына кірмейтін (өзін өзі өнімсіз еӊбекпен қамтығандар) азаматтар жарнасы -2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап 1 ЕТЖ-дан 5%;

- халықтыӊ әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін мемлекет төлейтін жарна 2018 жылдыӊ қаӊтарынан - 3,75%, 2019 жылдан бастап - 4%, 2022 жылдан бастап - 4-5 % болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны