05.03.2012, 17:00 3374

Денсаулық сақтау министрі Қостанайда кеңес өткізді

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарының барысында Қостанайдағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрі Қостанайда кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарының барысында Қостанайдағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Министр "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының аясында салынған облыстық аурухана корпусымен танысты, қалалық перзентханада, Қан орталығында, онкологиялық диспансерде болды.

Медициналық мекемелердің ұжымдарымен болған кездесуде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және медицина қызметкерлерінің біліктіліктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Министр сондай-ақ медицина саласы қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді. Онда "Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауымен жүктелген міндеттерді іске асыру аясындағы Қазақстанда онкологиялық көмекті дамытудың салалық бағдарламасы таныстырылды. Кеңеске қатысушылар сондай-ақ Жоспарлау және денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техникалық сатып алудың тұжырымдамасын талқылады.

Министр С.Қайырбекованың Қостанай облысына жұмыс сапары осы кеңеспен қорытындыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны