09.04.2007, 14:26 3198

Денсаулық сақтау министрі медициналық көмектің сапасына қатысты шағымдардың басым бөлігі негізді екенін мойындайды

АСТАНА. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Денсаулық сақтау министрі медициналық көмектің сапасына қатысты шағымдардың басым бөлігі негізді екенін мойындайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қымет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі комитеті екі жылда азаматтардың 1500-дей шағымын қарап, 60-қа жуық медициналық ұйымдарды тексерді. Өкінішке орай, азаматтардың шағымының 70 проценті негізді екені анықталды",- деп мәлімдеді бүгін еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой парламентте өткен үкіметтік сағатта.

Министрдің түсініктемесіне сәйкес, "ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету барысында басым жағдайда (77%) диагностика және емдеу стандарттары сақталмайды". Оның айтуынша, 11% жағдайлар "тиісті салалық ауруханаға жатқызбауға, немесе тиісті белгілерсіз ауруханаға жатқызуға, 10% - емдеу мерзімін сақтамауға, 2% - науқастардың дәрі-дәрмегі мен құралдарын пайдалануға және медициналық көмек ауқымын асыра көрсетуге байланысты".

"Денсаулық сақтау министрлігі ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жағдайын қатаң қадағалайтын болады",- деді А.Дерновой.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны