Система Orphus

Денсаулық сақтау министрлі 4 айлық Арина Туркинаны емдеуге квота бөледі

16.09.2011, 17:55 1810

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлі 4 айлық Арина Туркинаны емдеуге квота бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Казахстанская правда" газетінің меншікті тілшісі Любовь Добротаның жиен немересі, 4 айлық Алина Туркинаны емдеуге квота бөледі. Бұл туралы бүгін BNews.kz порталы студиясындағы онлайн-конференция барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Кайырбекова хабарлады.

"Квота (емдеуге) бөлінеді", - деді С. Кайырбекова.

"Алина Туркина менің жеке бақылауымда және клиникамен хабарласып, оны сонда жіберу мәселесін шешуге тапсырма бердім", - деп толықтырды министр.

Оның сөзіне қарағанда, "кеше Алина жатқан Алматы қаласындағы Педиатрия институтының директорымен сөйлескен".

"Қателеспесем, онда 2 күннің ішінде болуы керек, дәрі-дәрмекпен емделуді доғарады. Кейін оны жібереміз (клиникаға)", - деп түсіндірді С.Қайырбекова.

Еске сала кетейік, Казахстанская правданың" Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Любовь Добротаның жиен немересі ауыр сырқат. Қазір бала төрт айлық, егер оған ота жасамаса, дәрігерлер Арина бір жылдан артық өмір сүрмейді деп отыр. Қызға туа біткен гепатит және цитомегаловирус деген диагноз қойған. Шымкентте қызды учаскелік дәрігердің бақылауымен ауруханадан екі рет шығарды. Сәбиге мешел деген диагноз қойылып, сары аурудан айығу үшін шам жарығын түсіруге кеңес берілді. Цитомегаловирусқа анализ алып, оны таппаған. Ал бұл уақытта ауру бауырды ірітіп жіберген. Ақыр соңында Арина бауыр циррозына шалдықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны