12.12.2007, 18:09 2837

Денсаулық сақтау министрлігі 2008-2010-жылдарға арналған Қазақстанда қан қызметін жетілдіру бағдарламасының жобасын жасады

Денсаулық сақтау министрлігі 2008-2010-жылдарға арналған Қазақстанда қан қызметін жетілдіру бағдарламасының жобасын жасады

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігі 2008-2010-жылдарға арналған Қазақстанда қан қызметін жетілдіру бағдарламасының жобасын жасады , деп хабарлайды агенттік тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатта "жұқпалы індеттердің донорлық қан компоненттері арқылы жұғу мүмкіндігінің алдын алу және оларды тиімді пайдалану үшін осы қызметті дамыту мен жетілдіруге бағытталған кезек күттірмейтін шаралар кешені қарастырылған", -делінген министрліктің баспасөз қызметі бүгін таратқан хабарламада.

"Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасында трансфузиялық қызметтің қауіпсіздігін, сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Бағдарламада қарастырылғанындай, атап айтсақ, қан қызметінің нормативтік-құқықтық базасы мен ұйымдастыру құрылымын жетілдіру; материалдық-техникалық базаны жаңалау негізінде заманауи технологияларды енгізу; қан қызметі мамандарының кәсіби біліктілігі деңгейін көтеру; халықаралық тәжірибені енгізу негізінде қан мен оның компоненттері донорлығын дамыту; қан өнімдерінің сапасына кепілдік беру жүйесін құру көзделген.

Министрліктегілердің түсіндіруінше, мұндай бағдарламаның жобасын жасауға "Оңтүстік Қазақстан облысында болған балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасы түрткі болды, ол қан қызметінің тез арада шешуді талап ететін көптеген қиындықтарын анықтап берді.

Қазақстан Республикасындағы қан қызметі әкімшілік-аумақтық принцип бойынша құрылған және оған Республикалық қан орталығы, облыстық маңызы бар 16 орталық пен 11 қалалық орталық қамтылады. Сонымен бірге, қан дайындау жұмыстары қан ауыстыру жөніндегі 41 бөлім мен 17 кабинетте жүзеге асырылады. Олар көп профильді ауруханалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары құрылған бұл құрылым бүгінде трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы принциптеріне сай келмейді. Атап айтсақ, қазіргі жағдаймен шеткері аудандарда қан тапшылығына байланысты тексеруден өткізілмеген донордан қанды тура ауыстыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. 200 жылы қан қызметіне жұмсалған жалпы шығын көлемі денсаулық сақтау бюджетінің небәрі 0,9% құрады, бұл осы саланы қан өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы принциптеріне сәйкес мүлдем жеткіліксіз.

Қан орталықтарының жабдықталу деңгкйі 40% - 90% аралығында, ал қан ауыстыру бөлімдерінің саны - 10-проценттік шамада. Осы орайда пайдаланылатын жабдықтардың 50- 85%-і толық тозығы жеткен.

Қан қызметі өз бетімен қан тапсырудың арқасында ғана күн кешеді. 2006 жылы еліміз бойынша 271 мың қан тапсыру оқиғасы тіркелді, бұл жылына 1000 тұрғынға шаққанда 18 оқиғаға тең және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нұсқаған ең төменгі деңгейге небәрі 45%-ға ғана сәйкес келеді. Ал 90-шы жылдардан бастап донорлық 2 есе азайды.

Жалақының төмендігі мен саланың ерекшелігі кәсіби білікті мамандардың кетуіне, жас мамандардың тапшылығына және мамандардың әсіре ағылуына апарып соқты. Қазіргі жағдаймен қан қызметінің дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 67% қана құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны