12.12.2007, 19:32 11519

Денсаулық сақтау министрлігі 2008 - 2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасының жобасын әзірледі

Денсаулық сақтау министрлігі 2008 - 2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасының жобасын әзірледі

Астана. 12-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігі 2008 - 2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасының жобасын әзірледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. "2008 - 2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасының жобасын әзірлеудің мақсаты тұрғындарды сауықтыру және орташа өмір жасын ұзарту болып табылады",- деп айтылған министрлік таратқан хабарламада.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, адамның денсаулығының небәрі 10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесіне байланысты, ал 50 пайызы өмір сүру салтына байланысты. Осы себепті салауатты өмір салтын енгізудегі белсенділікті және қоғамдық пікірді қалыптастыру өзекті болып тұр",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Бағдарламаның негізгі міндеттері: халық арасында салауатты өмір салтымен жүру дағдысын және тәуекел факторларының (темекі тарту, ішімдікті шектен тыс пайдалану, есірткі пайдалану, сапасыз және тұрақсыз тамақтану, дене қозғалысының төмендігі) алдын алуды қалыптастыру; ұрпақ әкелу саласындағы денсаулықты сақтау. Бағдарлама сондай-ақ, сала аралық ықпалдастықты күшейту мен барлық Қазақстан қоғамдастығын салауатты өсмір салтын қалыптастыруға тартуды мақсат тұтады. Бағдарлама жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі министрліктермен бірлесе отырып экономиканың барлық салаларын салауатты өмір салтын құру үрдісіне біртіндеп тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бірінші кезеңде (2008 - 2010 жылдары) халықтың және қоғамдастықтың жекелеген топтары деңгейінде салауатты орта құруға ерекше көңіл аударылатын болады. "Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету деңгейінде басымдылық науқастарды емдеуден аурудың алдын алу мен дені сау адамдардың денсаулықтарын жақсартуға ауыстырылады",- деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер. Екінші кезеңде (2011 - 2013 жылдары) денсаулыққа қатерлі басты факторларды жоюға бағытталған интеграцияланған, көп факторлы әдістемеге жұмылдырылатын болады. "Экономикалық тұрғыдан ынталандыру механизмі арқылы медицина қызметкерлерінің халық денсаулығын нығайтудағы, әсіресе, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету деңгейіндегі іс-қызметін күшейту жоспарланған",- деп нақтылап өтті министрліктегілер.

Үшінші кезеңде (2014-2016 жылдар) аурудың бастапқы себептеріне жұмылдырылған денсаулық мүмкіншілігін дамыту саласындағы бүкіл қоғамның қам-қарекетінің интеграциясына қол жеткізілетін болады. Ұлттық денсаулық сақтау саясаты және денсаулық сақтау саласы қызметінің нысанасы халықтың белсенді қатысумен дені сау адамдардың денсаулығына, жеке тұлғаның денсаулығының мүмкіндігін арттыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 2008 - 2010 жылдары мемлекеттік бюджеттен жалпы көлемі 2,4 млрд теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен - 219 млн теңге, жергілікті бюджет қаражатынан 2,2 млрд теңгені құрады. 2008 жылы аталмыш шараларға арналған шығындар 0,5 пайызға ұлғаймақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны