22.04.2008, 14:09 1581

Денсаулық сақтау министрлігі иммунитет көтеру апталығы басталғанын жариялады

Денсаулық сақтау министрлігі иммунитет көтеру апталығы басталғанын жариялады

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігі иммунитет көтеру апталығы басталғанын жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің еліміз осымен екінші жыл Еуропаның басқа елдерінің қатарында иммунитет көтеру апталығына атсалысуда. Биыл ол сәуірдің 21 мен 27 аралығында Еуропаның 33 елінде біруақытта, соның ішінде барлық ТМД елдерінде өткізіледі", -деп мәлімдеді бүгін өткен баспасөз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног.

Оның айтуынша, 2008 жылы иммунитет көтеру апталығы "Баланы гемофилиялық жұқпалы дерттен қорғайық" деген ұран астында өткізіледі. А. Белоногтың түсіндіруінше, Қазақстанда биылдан бастап алғаш рет "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауымен және үкіметтің қолдауымен" балаларға гемофилиялық жұқпалы дертке қарсы вакцина егу науқаны жүргізіледі.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, гемофилиялық инфекция жылына 3 млн адамның дертке шалдығуы мен 400 мыңнан астам адамның өлім құшуына себеп болуда. Бұл жұқпалы жерттің қоздырғышы 30 - 50% жағдайда іріңді менингит, 20 - 30% жағдайда пневмония, 15 - 20% жағдайда өткір респираторлық инфекция тудырумен бірге, сепсис, көмей алдының қабынуы, остеомиелит, перикардит пен артритке себеп болады", -деді ол.

"Елімізде баланың өліміне апарып соғатын себептердің құрылымында тыныс алу органдарының аурулары үшінші орында, соның ішінде 60% астамы пневмония салдарынан болған өлімдер", - деді А. Белоног.

Ол "гемофилиялық инфекциның алдын иммунитет көтеру шаралары арқылы алуға болатынын" айрықша атап өтті.

Бүгінгі таңда "оған қарсы вакцина егу 130 елде жүргізіледі, оның тиімділігі дәлелденген ", - деді бас санитарлық дәрігер.

А. Белоногтың мәліметінше, "2, 3, 4 және 18 айдағы балаларға комбинациялы вакцина егіледі".

"Бұл көкжөтел, дифтерия, сіреспе, "В" түріндегі гепатит, "b" типті гемофилиялық инфекция секілді бес түрлі жұқпалы ауруға қарсы иммунитетті бір уақытта қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны