22.04.2008, 14:27 1981

Денсаулық сақтау министрлігі иммунитет көтеру шараларын міндетті түрде жүргізуді талап етуде

Денсаулық сақтау министрлігі иммунитет көтеру шараларын міндетті түрде жүргізуді талап етуде

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігі иммунитет көтеру шараларын міндетті түрде жүргізуді талап етеді және вакцина егуді ерікті жүргізуді қолдамайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлімдеді.

"Бүгінгі күні иммунитет көтеру шарасына балама жоқ екенін барлық дәрігерлерлің атынан ресми түрде мәлімдеймін", -деді А. Белоног.

"Қазір екпе ектірмеу қажет деген қате пікірлер пайда болды" деді бас санитарлық дәрігер.

"БАҚ-тарда және денсаулық сақтау министрлігіне жекелеген тұлғалардың, соның ішінде кейбір ғалымдардың, халықтың кейбір жұқпалы ауруларға қарсы, мысалы, құрт ауруына қарсы вакцина егуді тоқтату туралы пікірі естіліп жатады. Ерікті негізде ішінара ғана вакцина егу ұсынылады", - деді ол.

"Алайда, иммунитет көтеруге қатысты мұндай көзқарас екпе аясына қамту көрсеткішінің төмендеуіне, екпе ектірмегендер санының көбеюіне және жұқпалы аурулардың кең көлемде етек алуына апарып соғады. Біздің пікірімізше, иммунитет көтеруді ішінара жүргізу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакцина егу жөніндегі принциптеріне қайшы келеді. Ал ол принцип тиісті контингентті екпе аясына 95% кем емес көлемде қамтуға саяды", - деп мәлімдеді А. Белоног.

Оның айтуынша, "осыдан бір апта бұрын денсаулық сақтау министрінің тапсырмасымен Алматы мен Алматы облысының Талғар ауданында 2 мың ананың арасында жұқпалы аурулар мен олармен күрес жөніндегі біліміне қатысты анкета жүргізілген".

"Нәтижесі көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан қалада тұратын аналардың 70% мен ауылдық жерде аналардың 60% жұқпалы аурулардың қаупі мен вакцина егудің маңызы туралы жеткілікті білімі бар болып шықты. Аналардың 30 - 40% жеткілікті білімінің болмауы алаңдатарлық көрсеткіш", -деді А. Белоног.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны