24.12.2007, 18:27 2984

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда туберкулезбен ауыру деңгейі төмендегенін хабарлайды

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда туберкулезбен ауыру деңгейі төмендегенін хабарлайды

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда туберкулезбен ауыру деңгейі төмендей түсу ағымы байқалады. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Құрт ауруының алдын алу және емдеу саласында ауқымды жұмыс тындырылды. Оның нәтижесі де бар. Атап айтсақ, туберкулезбен ауыру және одан өлім құшу деңгейі төмендей түсу ағымы байқалады ", -деді А.Белоног.

Оның айтуынша, сонымен қатар, ағымдағы жылы елімізде "аса қатерлі жұқпалы аурулар мен жұқпалы аурулардың етек алу ағымы тіркелген жоқ".

"Ауыр ішек немесе гепатит дертінің таралуына қатысты ірі ауру ошақтары жыл сайын дерлік тіркеледі. Ал биыл мұндай ірі дерт ошағы тіркелген жоқ", - деді А.Белоног. "Гепатиттің мектептерге таралмауы үшін қатаң тосқауылдар қойдық. Биыл 5-тен артық оқиға тіркелген мектеп саны бірен-саран ғана", - деді ол.

Сонымен бірге, еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, республикамызда СПИД-пен ауыру дерегі арту оқиғасы тіркелді. Оның нақтылауынша, ғасыр індеті негізінен есірткіні инемен тұтынушылар санының өсуіне байланысты таралып отыр. "Салыстыра айтар болсақ, кейінгі 5 жылда елімізде нашақорлыққа шалдығу оқиғалары 13 есе өскен. Ал СПИД-ке шалдығудың 75% есірткіні инемен тұтыну салдарынан таралатынын айта кеткен жөн", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны