28.01.2008, 18:18 2918

Денсаулық сақтау министрлігі құрт аурумен науқастанудың алдын алуға және профилактика жүргізуге күш салмақ

Денсаулық сақтау министрлігі құрт аурумен науқастанудың алдын алуға және профилактика жүргізуге күш салмақ

Астана. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігі құрт аурумен науқастанудың алдын алуға және профилактика жүргізуге күш салмақ. Бұл туралы бүгін парламенттегі "үкімет сағаты" барысында денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің қабылдап отырған шараларымыз құрт ауруымен науқастану деңгейін одан әрі тұрақты түрде төмендетуге мүмкіндік береді, деген ойдамын",- деді А. Дерневой. Атап айтқанда, оның айтуынша "әрбір өкпе құртымен науқастыну дерегіне эпидемиологиялық тексеру" жүргізілуде.

"Бұл үйдегі, тұрмыстық дерт ошақтарына қатысты, бұл арнайы мекемелердегі науқастануға қатысты. Бүгінде әрбір науқастану жағдайына эпидемиологтар тексеру жүргізіуде, бұл біздің індеттің шығу көзін анықтап, тиісті шаралар қабылдауымызға мүмкіндік береді",- деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар ол, "өкінішке орай құрт ауруның ең заманауи және соңғы шыққан дәрі-дәрмектермен емдеуге де жатпайтын түрі "үлкен проблема" болып табылатындығын" атап өтті.

"Бұл науқастарды мәжүбүрлікпен емдеуге арналған арнайы мекемелер, арнайы хоспистер құру қажет, және де біз осы бағытта жұмыстар жасап жатырмыз, мұндай орталықтар құрылуда",- деп атап өтті А. Дерневой.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, "үстіміздегі жылы құрт ауруына қарсы дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алу барысында өте қатаң шарт қойылған - тең сапалы дәрі-дәрмектер мен емдік тиімділігі бар дәрі-дәрмектер сатып алу".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны