29.12.2009, 17:30 3304

Денсаулық сақтау министрлігі лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін қайдан жұқтырып алғанын әлі де зерттеп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін қайдан жұқтырып алғанын әлі де зерттеп жатыр

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін қайдан жұқтырып алғанын әлі де зерттеп жатыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз ауруды жұқтыру оқиғасы қайдан бастау алғанын қазір зерттеп жатырмыз", - деді Ж. Досқалиев.

Оның хабарлауынша, лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін жұқтырып алу себебін анықтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық қан орталығы мен Алматыдағы Педиатрия институтына екі комиссия жіберді. "Бірінші комиссия бізге нақты бір нұсқау берген жоқ және балалар педиатрия орталығында ауру жұқтырды ма деген сауалға жауап бере алмады. Сол себепті біз кәсіби білікті және тәжірибелі дәрігерлерден тағы бір топты жібердік", - деді ол.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, комиссия жұмысының алдын-ала қорытындысына сәйкес, " педиатрия орталығында 2007-2009 жылдар аралығында емделген 3 мыңдай науқастардың тарихына талдау жасалды: 106 науқас бұл ауруханаға бұған дейін жұқтырып алған С гепатитімен келіп жатқан". "Ал педиатрия орталығының ахуалында ауру жұқтырғандар жоқ", - деді Ж. Досқалиев.

Бұған қоса оның айтуынша, комиссия жұмысының қорытындысы көрсетіп отырғандай, " Республикалық қан орталығынан босатылған барлық қан таза болған".

Министрдің айтуынша, бүгінгі жағдаймен комиссия әлі де жұмыс істеп жатыр. "106 адамның ауру жұқтырып алуына кінәлі адамдар лайықты жазасын алады", - деп мәлімдеді ол. Егер ауру қасақана жұқтырылғаны анықталатын болса, онда құқық қорғау органдары да тартылады, деді Ж. Досқалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны