16.03.2010, 18:11 4365

Денсаулық сақтау министрлігі маусымдық тұмаудың екінші толқыны туындау мүмкіндігін жоққа шығарады

Денсаулық сақтау министрлігі маусымдық тұмаудың екінші толқыны туындау мүмкіндігін жоққа шығарады

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі маусымдық тұмаудың екінші толқыны туындай мүмкіндігін жоққа шығарады . Бұл туралы бүгін
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасы Кеңес Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен елімізде маусымдық тұмаудың екінші толқыны туындау мүмкіндігін жоққа шығарамын. Қазақстандықтар алаңдамауына болады. Елімізде ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тіпті, екінші толқын туындай қалған күнде де еш проблема болмайды. Елімізде тұмауға қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті",- деді К.Оспанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны